ТУ КӨТЕРУ РӘСІМІ ӨТТІ

 

25 қазан – Республика күні және Қазақстанның Егемендік туралы декларациясының қабылданғанына 35 жыл толуына орай Орталық саябақта Мемлекеттік Ту көтеру рәсімі өтті.

 

 

 

 

 

                                           

Бұл шара – елдік пен егемендіктің, ұлт бірлігі мен рухтың нышанына айналған ерекше сәт болды.

Елдік рухты асқақтатып, ұлттық бірегейлікті, тәуелсіздік құндылықтарын және ұлттың мәңгілік мұратын айшықтаған бұл рәсімге аудан әкімі Нұрлыбек Унербаев, ардагерлер, мекеме басшылары, жастар және ауыл тұрғындары қатысты.

Қасиетті көк байрағымыз көкке көтерілген сәтте ел рәміздеріне құрмет көрсетіліп, Қазақстан Республикасының Әнұраны шырқалды.

Салтанатты жиында аудан әкімі Нұрлыбек Унербаев құттықтау сөз сөйлеп, бұл күннің ел тарихындағы айрықша маңызын атап өтті. Ол өз сөзінде Республика күні – мемлекетіміздің тәуелсіздігі мен тұғырлы елдігіміздің символы екенін айта келе, барша тұрғындарға бейбіт өмір, мол береке және бірлік тіледі.

Іс-шара соңында аудандық мәдениет үйінің өнерпаздары патриоттық әндер орындап, көпшілікке мерекелік көңіл күй сыйлады.

Қарғалы-АҚПАРАТ