Волейболдан жарыс өтті

Республика күніне арналған мерекелік іс-шаралар аясында өткен аптада спорт сүйер жастар бас қосып, волейболдан тартысты жарыс өтті.
Аудан орталығындағы дене шынықтыру-сауықтыру кешенінде өткен бұл сайыс жоғары деңгейде ұйымдастырылып, қатысушылар өзара бақ сынасты.
Әр команда ойын барысында өз ептілігі мен шеберлігін, бірлігін және жеңіске деген жігерін айқын көрсетті. Спорттық шара Бадамша балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің қолдауымен және Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен өтті.
Көрермендердің қолдауы мен жанкүйерлердің ыстық ықыласы ойынның қызуын арттырып, ерекше әсер қалыптастырды. Әр сәт қуаныш пен эмоцияға толы болды. Қатысушылар командалық рухтың, достық пен ынтымақтың жарқын үлгісін көрсетті.
Мұндай жарыстар жастардың бос уақытын тиімді өткізуіне, салауатты өмір салтын ұстануына және өзара достық байланыстар орнатуына зор мүмкіндік береді. Бұл туралы орталық басшысы өз құттықтау сөзінде атап өтті.
Жарыс қорытындысы бойынша I орынды Қосестек ауылдық округінің командасы жеңіп алды. Ал жүлделі II орын Степной, III орын Ащылысай ауылдық округінің командаларына бұйырды.
Барлық жеңімпаздар мен қатысушылар алғыс хаттармен, кубоктармен және сыйлықтармен марапатталды.
Жұлдыз КЕНЖЕ






