РЕФЕРЕНДУМҒА ҚАТЫСУ АЗАМАТТЫҚ ПАРЫЗЫМ

Аудан тұрғыны, зейнеткер Нұрболат Құспановтың айтуынша, бұл науқан ел өміріндегі маңызды саяси оқиғалардың бірі.
– Ата заң – мемлекеттің ең басты құжаты. Сондықтан оған енгізілетін өзгерістер әр азамат үшін маңызды. Мен Қазақстан азаматы ретінде өз таңдауымды жасап, референдумға қатысуды азаматтық парызым деп білемін. Бадамша ауылында тұрып жатқаныма 20 жылдан асты. Осы уақыт аралығында мемлекеттік салада қызмет атқардым. Қазір зейнеттемін. Еліміздегі мұндай саяси науқандардан қалыс қалмай, әрдайым белсенді қатысамын, – деді ол.