Мен жарқын болашаққа сенемін

Қайрақты ауылының тумасы, Бадамша агротехникалық колледжінің 3-курс студенті Қазиева Айымгүл биыл алғаш рет референдумда дауыс берді.
– Мен үшін бұл ерекше күн. Еліміздің болашағына бейжай қарамай, өз таңдауымды жасау – әр азаматтың борышы деп ойлаймын. Алғаш рет дауыс беру – үлкен жауапкершілік әрі мақтаныш, – дейді жас сайлаушы.




