84 жастағы ардагер ел болашағы үшін таңдау жасады

Алғашқылардың бірі болып дауыс бергендердің қатарында бүгін 84 жасқа толып жатқан аудан ардагері Бақыткерей Нұрқаев та бар.
– Бүгін референдум учаскесіне ерте келіп дауыс бердім. Жаңа Ата заңымыз құтты болсын. Халқымыздың игілігі үшін қызмет ететін заң болсын. Ұлыстың ұлы күні қарсаңында өтіп жатқан бұл маңызды науқан ел бірлігін нығайта түседі деп сенемін. Еліміз тыныш, халқымыз аман болсын, – деді ардагер.




