АУДАН ӘКІМІ НҰРЛЫБЕК УНЕРБАЕВ РЕФЕРЕНДУМДА ДАУЫС БЕРДІ

Аудан әкімі Нұрлыбек Унербаев та референдумға қатысып, отбасымен бірге №243 учаскесінде дауыс берді. Аудан басшысы бұл маңызды күннің ел болашағы үшін ерекше мәнге ие екенін атап өтті.

                                   
– Бүгін жалпыхалықтық референдумға қатысып, өз дауысымды бердім. Бұл – еліміздің қоғамдық өміріндегі маңызды күндердің бірі. Әр азаматтың өз пікірін білдіріп, ел болашағына қатысты шешімдерге қатысуы – азаматтық жауапкершіліктің көрінісі.Еліміздің негізгі заңына ұсынылып отырған жаңа жоба – қоғам өміріндегі басты қағидаттарды айқындайтын маңызды құжат. Осындай маңызды кезеңде әр адамның таңдауы маңызды деп есептеймін. Бірлік пен белсенділік – ел дамуының басты кепілі. Сондықтан барша аудан тұрғындары бәріміз бірге еліміздің жарқын болашағына үлес қосайық,-деді.