Аудандық мәслихаттың кезекті VIII отырысы өтті
Кеше аудандық мәслихаттың кезекті VIII сессиясы өтті. Сессияға аудан әкімі Асқар Жүсібалиев, ауылдық округ әкімдері мен қоғамдық ұйымдар, жауапты бөлім басшылары қатысты.
Сессия отырысының күн тәртібіне енген мәселелердің негізгісі аудан әкімінің өзіне жүктелген функциялар мен міндеттерді орындауы жөніндегі есебі болды.
Күн тәртібіндегі алғашқы мәселе бойынша баяндама жасаған аудан әкімі Асқар Жүсібалиев баяндамасында 2023 жылдың 7 айында аудан экономикасының әр саласында жүзеге асырылған жұмыстар мен алдағы негізгі жоспарларға тоқталды. Соның ішінде қазіргі мезгілдегі ауыл шаруашылығы саласындағы егін жинау науқаны мен ауданның жылыту маусымына дайындығына ерекше тоқталып өтті. Баяндама барысында аудан басшысы жылу қазандықтарының жөндеуден өтіп, қыс мезгіліне дайын екендігін де жеткізді.
Сонымен қатар, 2023 жылға арналған аудан бойынша кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін кұтіп-ұстауға арналған шығыстардың ең төмен мөлшерін бекіту туралы -аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль бөлімінің басшысы Азамат Утегеновтің, аудандық мәслихатының 2022 жылғы 30 желтоқсанындағы №228 «Қарғалы ауданының ауылдық елді мекендерге жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне 2023 жылға әлеуметтік қолдау көрсету туралы», аудандық мәслихаттың 2023 жылғы 26 маусымдағы №47 « Қарғалы ауданының бюджеттік комиссиясының құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы — аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің басшысы Шахнияз Сақабаевтың, аудандық мәслихаттың 2014 жылғы 24 ақпандағы №197 «Өмірлік қиын жағдайдың туындауына байланысты әлеуметтік көмек көрсетуге үміткер адамның өтінішін қарау жөніндегі арнайы комиссиясының құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы – аудандық әлеуметтік бағдарламалар және жұмыспен қамту бөлімі басшысының орынбасары Багдагуль Айтпаеваның хабарламалары тыңдалды.
Осылайша, аудандық мәслихат депутаттары жауапты мамандардың есептерін тыңдап, жергілікті өкілді және атқарушы органдардың жақсы бірлескен жұмысын атап өтіп, өз ұсыныстарын енгізіп, талқылау қорытындысы бойынша тиісті шешім қабылдады.
Жұлдыз КЕНЖЕ.