Аудан әкімі Велихов пен Ащылысай ауыл тұрғындарымен кездесті

Өткен аптада аудан әкімі Асқар Жүсібалиев кездесу кестесіне сәйкес Велихов, Ақжайық ауылы тұрғындарымен кездесті.

Кездесу барысында 8 ай қорытындысы бойынша ауданда атқарылып жатқан жұмыстар легіне тоқталып, алдағы қыс мезгіліне  дайындық жұмыстарын күшейту керектігін ескертті. Сондай-ақ, отын, мал азығымен қамтамасыз етуді ескертіп, ауылдық округ әкімі мен жауапты басшыларға берілген тапсырмаларды үнемі бақылауда ұстауды тапсырды.

Одан соң аудан басшысының жұмыс сапары Ащылысай ауылдық округіне жалғасып,  егіс науқанының өту барысымен танысты.  Соңғы кездегі ауа-райының жауын-шашынды болуына байланысты егіс ору науқанына айтарлықтай кедергілер келтірген еді.

Осы  аталған қиындықтарға қарамастан шаруашылық құрылымдары егіс ору науқанын жалғастырып, жиналған өнімді сақтау қоймаларына құйып науқанды ойдағыдай аяқтап, қажетті тұқым мен жеткілікті мал азығын әзірлеуді тапсырды.

Қарғалы-АҚПАРАТ