АЩЫЛЫCАЙДАҒЫ ҚАМҚОРЛЫҚ

«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында аудандық жастар ресурстық орталығы мен «Жасыл ел» еңбек жасақтарының мүшелері Ащылыcай ауылында тұратын жалғызілікті әжеге қолғабыс етті.
Жастар Екатерина Семьян үйінің ауласын тазалап, қоқысты жинап, қураған ағаш бұтақтарын шауып, шаруашылық құрылыстарды ретке келтіріп, барлық қажетті жұмыстарды атқарды. Еңбекшіл жастар бар ынта-жігерімен кірісіп, жұмысты тез аяқтады.
— Мұндай игі істер күнделікті өміріміздің бір бөлігіне айналса дейміз. Сондай-ақ қамқор болу, жақсылық жасау бір-бірімізге деген қарым-қатынасымыздан да көрінеді, — дейді Жәнібек Ибраһим.
Жұмыс аяқталған соң, Екатерина Андреевна жастарға шын жүректен алғысын айтып, өзінің ауласындағы бақтан теріп алған ранеткаларын (алма түрі) үлестірді. Бұл күтпеген сыйлық жастарға ерекше әсер етті, мейірім мен жылулыққа толы шынайы ықылас белгісі болды.
Мұндай шаралар жастардың бойында үлкендерге деген құрметті, жанашырлықты, қоғамға пайдалы болуға деген ұмтылысты тәрбиелейді.
Тілек БЕГАЙДАР




