Мемлекеттік тілдің талабы

Ақтөбе облысы Қарғалы аудандық соты елімізде мемлекеттік тілдің ресми мәртебесін реформалау және дамыту бағытында ауқымды жұмыстар жүргізіліп жатқанын хабарлайды.

2022 жылғы 23 желтоқсанда  өткен «Құқық жүйесіндегі қазақ тілінің мәселелері және оларды шешу жолдары» атты республикалық ғылыми-практикалық конференцияның қарарында жергілікті соттарға мемлекеттік тілде сот ісін жүргізудің бағыт-бағдары берілген болатын.

Осы ауқымды жұмысты соттар құқық қорғау, адвокатура, нотариат, заң консультанттарымен және мемлекеттік органдармен бірлесіп атқару жолдары да көрсетілген.

Бұл ретте, аудандық және оған теңестірілген соттар Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотының сот ісін жүргізудегі мемлекеттік тілдің үлесін көтеру жөніндегі тапсырма хатында көзделген көрсеткіштерге баса назар аударып, олардың өсуін қадағалауы қажет.

«Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» заңға сәйкес мемлекеттік тіл – бүкіл мемлекетте қоғамдық қатынастардың барлық саласында қолданылатын мемлекеттік басқару, заң шығару, сот ісін жүргізу және іс жүргізу тілі. Қазақстан халқын топтастырудың аса маңызды факторы болып табылатын мемлекеттік тілді меңгеру Қазақстан Республикасының әрбір азаматының міндеті.

Үкімет, өзге де мемлекеттік, жергілікті өкілді және атқарушы органдар: Қазақстан Республикасында мемлекеттік тілді толық дамытуда.

Қазіргі қоғамда тіл қоғамдық және ұлтаралық келісімді сақтауда жетекші рөлдердің бірін атқарады. Бұл әсіресе қазақ тілі негізгі және мемлекеттік тіл болып табылатын Қазақстанда өзекті.

Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты да лингвистикалық негізде азаматтардың құқықтарының бұзылуына жол бермей, мемлекеттік тілді сот өндірісіне енгізу бағытында 100 пайыз жұмыс атқаруда.

Қазақ тілін білу – бұл дамуға, ой-өрісін кеңейтуге, тамырына қайта оралуға, өмір сүріп жатқан елге деген құрметке қосқан үлес.

Заңның 24-бабының талаптарына байланысты, «Қазақстан Республикасының тіл туралы» заңнамасының бұзылуына кінәлі мемлекеттік органдардың бірінші басшылары не аппараттардың басшылары, сондай-ақ жеке және заңды тұлғалар Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауаптылықта болады.

Жоғарыда айтылғандардың негізінде міндетті түрде хаттар, ілеспе хаттар, ақпараттар, хабарламалар мен  талап арыздар, сондай-ақ басқа да іс жүргізу құжаттарын жіберу міндетті түрде  мемлекеттік тілде ресімделеді.

Мемлекеттік тіл мәселесін жоғары қойып, мемлекеттік тілдің үлесін көтеру әр азаматтың міндетті.

 

                                                  Гулшара БИЖАНОВА,

 аудандық сот әкімшісінің басшысы