Жастар театры бағындырған бір белес

  Ауданымыздың таланттыларынан  құралған “Ұшқын” халықтық жастар театры тағы да үздіктер қатарынан көрініп, облыстан жүлделі оралды.

Халық жазушысы, драматург Тахауи Ахтановтың 100 жылдығына орай Ақтөбеде «TEATPALL» атты  облыстық фестиваль-байқау өтті.

Аталмыш байқауға  аудандық мәдениет үйі жанынан құрылған  «Ұшқын» халықтық жастар театры қатысып, Төлен Әбдіктің «Оң қол» драмасын сахналады.           Нәтижелі өнер көрсеткен  «Ұшқын» халықтық жастар театрының ұжымы байқау қорытындысы бойынша жүлделі ІІ орынға ие болды.

Қазіргі таңда жастар театр ұжымы мәдениет пен әдебиеттің дамуына өзіндік үлес қосып келеді. Өнерпаздар заман талабына сай, жаңа үлгідегі  түрлі қойылымдарды нақышына келтіре сахналауда. Сондай-ақ, өнерлі жастарымызды түрлі байқауларға баулып жүрген жетекшісі — Дастан Кульманов.

         Шындығында, театр – тәрбие бесігі. Көрнекті жазушы Ғабит Мүсіреповтің «Театр – хас сұлудың көз жасындай мөлдір өнер» деп баға беруі де тегін емес. Сондықтан да, аз уақыт ішінде өнерлі жастардың басын біріктірген «Ұшқын» театры үздік жетіс­тіктерге де жетіп үлгерді. Аудан, облыс, республика көлемінде  таланттарымен биік-белестерді бағындырып келеді.

Жұлдыз КЕНЖЕ.