«Әділет» партиясы Қарғалы аудандық филиалының «Сазда» бастауыш партия ұйымында Қазақстан Республикасы Президентінің Жолдауын талқылау бойынша кездесу өтті

Кездесу барысында Жолдаудың негізгі бағыттары, оның басты міндеттері және еліміз бен ауданымыздың әлеуметтік-экономикалық дамуы үшін маңызы қаралды.
Жолдаудың негізгі бағыттарын партия ардагері, «Еңбек Ері» иегері Аманғос Төлеуов баяндады. Өз сөзінде ол экономиканы дамыту, кәсіпкерлікті қолдау, халықты әлеуметтік қорғау, білім беру мен денсаулық сақтауды дамыту, сондай-ақ қоғамдағы бірлік пен тұрақтылықты нығайту мәселелеріне жан-жақты тоқталды.
Кездесуге қатысушылар пікір алмасып, сұрақтар қойып, халық арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізудің және қойылған міндеттерді жүзеге асыруға әрбір азаматтың белсенді қатысуының маңыздылығын атап өтті.
Бастауыш партия ұйымдарында Жолдауды талқылау жұмыстары жалғасуда.




