Жасанды интеллектке негізделген бастамалар — мәдениет саласына да тың серпін бермек

Жанат Тулкибаева,

аудандық кітапхананың әдіскері

 2025 жылдың 8 қыркүйегінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа арнаған кезекті Жолдауында еліміздің жасанды интеллект (ЖИ) дәуіріндегі орны мен болашағына ерекше назар аударды. Жолдаудың мазмұны мен маңызын сараптай отырып, оның Қазақстанды цифрлық трансформацияның жаңа кезеңіне жетелейтін стратегиялық бағдарлама екені анық көрінеді.
Президент Тоқаевтың бұл Жолдауы еліміздің тек технологиялық ғана емес, институционалдық және адами капитал тұрғысынан да жаңа даму сатысына көтерілуі үшін нақты қадамдарды қамтиды. Сонымен қатар Жолдауда айтылған цифрлық реформалар мен жасанды интеллектке негізделген бастамалар — мәдениет саласына да тың серпін бермек. Тарихи мұраларды сақтау, ұлттық мазмұнды цифрландыру, мәдени өнімдерді өндіру мен таратуды оңтайландыру — мұның бәрі ЖИ технологиясымен тікелей байланысты деп ойлаймын.
Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауы Қазақстанның мәдениет саласын да ЖИ дәуіріне бейімдеуге негіз бола алады. Мәдениет — тек өткенді сақтау емес, оны заманауи құралдармен жаңа ұрпаққа жеткізу жолы. Ал бұл жолда:
• ЖИ мен цифрлық технологияларды батыл енгізу,
• Қазақ тілінің цифрлық кеңістіктегі орнын күшейту,
• Цифрлық шығармашылықты қолдау — басты міндетке айналмақ.