Мемлекет басшысы мен жастардың ұстанымын қолдаймын

Садыкова Ардак Сагатовна,педагог- эксперт
«Ащылысай орта мектеп- балабақшасы» КММ
Ағымдағы жылдың 08 қыркүйегінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Қазақстан халқына жасаған кезекті үндеуінің куәсі болдық.
Жолдауда Президент бүгінгі жастар “патриотизм” сөзінің мағынасын өзінше түсінетінін атап өтті. Қасым-Жомарт Кемелұлы жастардың Отанға деген сүйіспеншілігі қоғамға пайда әкелу, жаңа бизнес бастау деп санайтынын тілге тиек етті. Өскелең ұрпақ үшін патриотизм болашаққа ұмтылудан тұрады. Иә, олар Қазақстанды дамыған, өркендеген мемлекет ретінде көргісі келеді.
Мен өз тарапымнан педагог ретінде Президент пен жастардың ұстанымын толық қолдаймын. Біз мұғалімдер өз оқушыларымыздың күшіне, таланты мен біліміне сенуге, әрі олардың барлық күш-жігерін қолдауға тиіспіз. Сондай-ақ, кеше кім болғанымызды ұмытпауымыз керек. Ежелгі тарихымызды құрметтеп, аға буын болып қолдап, ертең жастарымыздың кім болатынын түсінуіміз керек. Қорыта келе, жалпы мемлекетіміздің жүргізіп жатқан барлық ауқымды жұмыстары – өскелең ұрпақтың жарқын болашағы үшін дер едім.
Қазір бастысы Жолдаудың маңыздылығын дұрыс түсініп, халыққа дұрыс жеткізу маңызды. Мен үшін Мемлекет басшысы таңдаған жол дұрыс және мақсатты екені даусыз.




