ЖАҢА ЖЫЛ МЕРЕКЕСІНДЕГІ ӨРТ ҚАУІПСІЗДІГІ ЕРЕЖЕЛЕРІ

Жаңа жыл мен Рождество мерекелері кезінде өрт шығу қаупі артады. Оның негізгі себептері — пиротехниканы абайсыз пайдалану, электр желісінің шамадан тыс жүктелуі, сапасыз гирляндалар мен шамдарды қолдану.

МЕРЕКЕ ҚАУІПСІЗ ӨТУІ ҮШІН КЕЛЕСІ ҚАРАПАЙЫМ ЕРЕЖЕЛЕРДІ САҚТАҢЫЗ:

– Тек сертификатталған гирлянда мен пиротехниканы сатып алыңыз;

– Жанған шырша шамдарын қараусыз қалдырмаңыз;

– Шыршаны жылытқыш құрылғылар мен пештердің жанына орнатпаңыз;

– Бенгал шамдары мен петардаларды үй ішінде жақпаңыз;

– Балаларға өрт болған жағдайда қалай әрекет ету керектігін түсіндіріңіз.

Өзіңізді және жақындарыңызды қорғаңыз — мерекелер жылы әрі қауіпсіз болсын!

 Қарғалы ауданының ТЖБ