“Архивтік анықтамалар, архив құжаттардың көшірмелерін немесе архивтік үзінділер беру” мемлекеттік қызметі

Қарғалы ауданының мемлекеттік архиві Мәдениет және спорт министрінің 2020 жылғы 29 мамырдағы №159 бұйрығымен бекітілген Архив ісі саласында мемлекеттік қызметтер көрсету Қағидаларын басшылыққа ала отырып, “Архивтік анықтамалар, архив құжаттардың көшірмелерін немесе архивтік үзінділер беру” мемлекеттік қызметін көрсетеді.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін жеке және заңды тұлғалар (бұдан әрі-көрсетілетін қызметті алушы) осы Қағидаларға 1-нысан бойынша өтінішпен көрсетілетін қызметті мемлекеттік архив кеңсесіне, “Азаматтарға арналған үкімет “Мемлекеттік корпорациясы “коммерциялық емес акционерлік қоғамына (бұдан әрі-Мемлекеттік корпорация) не ” электрондық үкімет ” веб-порталы www.egov.kz (бұдан әрі-портал) арқылы алуға болады.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі-электрондық немесе қағаз түрінде. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі 11 (он бір) жұмыс күні ішінде беріледі. Қызмет жеке және заңды тұлғаларға тегін көрсетіледі.
Ж.А. ТАНАБЕРГЕНОВА,
Қарғалы ауданының мемлекеттік архивінің меңгерушісі




