ЖАМБЫЛ ЖАБАЕВ- ХАЛЫҚ ПОЭЗИЯСЫНЫҢ АЛЫБЫ

Жамбыл Жабаев қазақ халқының ұлы ақыны, жыршы суырып салма өнердің теңдесіз шебері, жырауы және қоғам қайраткері. Ол–ғасырдан ғасырға жалғасқан халық поэзиясының алтын көпірі, ел рухын, халықтың арман мүддесін жырына қосқан дара тұлға. Жамбыл Жабаев қазірі Алматы облысы, Жамбыл ауданында дүниеге келген. Болашақ ақын жастайынан домбыраға әуес болып, халық ауыз әдебиетін батырлық жырлармен дастандарды жаттап өсті. Ұстазы –әйгілі ақын Сүйінбай Аронұлы. Сүйінбайдан алған тәлім Жамбылдың ақындық жолын берік негізіне айналды. Жамбыл-айтыс өнерінің қас шебері. Ол Кұлмамбет, Шашубай, Досмағанбет сынды замандас ақындармен айтысып, өзінің тапқырлығымен, өткір тілімен, терең оймен ерекшеленді. Ақын жырларында ел бірлігі әділдік, еңбек, адамгершілік, отан сүйгіштік тақырыптары кеңінен көрініс тапты. Жамбыл айтыстары мен өлеңдерінде әлеуметтік әділетсіздік мәселесін көтеріп, кедей – кепшікті қорғап ,озбырлықты әшкерлеген. Ұлы Отан соғысы жылдарында Жамбылдың жырлары халыққа рух беріп, жігерлендірді. «Ленинградтық өренім» өлеңі қоршауда қалған қала тұрғындарына үміт пен сенім сыйлап, бүкіл Кеңес Одағына кең тарады. Бұл шығарма Жамбылдың ақындық қуатының әлемге танылуына жол ашты. Жамбыл Жабаевтың шығармашылығы -қазақ халқының рухани байлығы. Оның жырлары бүгінгі күнге дейін өз мәнін жоғалтпай, жас ұрпақты елін, жерін сүюге адалдық пен ерлікке тәрбиелейді. Бүгінде Жамбыл- халық даналығы мен адалдықтың белгісі.Оның шығармалары мектептерде оқытылады, жастардың әділдікке, заңға құрметпен қарауын қалыптастырады. Ақынның өмірі мен мұрасы –мәңгілік өнеге, халқымыздың асыл қазынасы деп санаймын.
Гулшара БИЖАНОВА,
Қарғалы аудандық соты әкімшісінің басшысы




