Үлкендер қиын кездің естеліктері

Бәрі артта қалды, қиындықты көрдік, өмірдің ащы дәмін тата жүре бүгінгі күнге жеткенімізге тәубе дейтін ұрпақтар қатары да сиреп барады

Әңгімесін осылай бастаған ауылшаруашылық саласында қиын-қыстау кезде 16 жасынан еңбекке араласқан еңбек адамы Ақжайық ауылының тұрғыны 83 жастағы  ақсақал Сүйінтай Сүлименұлының өткен жолын, сөз етсек.

Ақжайық ауылында 24 наурыз 1940 жылы дүниеге келеді. Тағдырдың жазымышымен  8 жасында анасы, 10 жасында әкелері дүниеден өтіп, ағалы -інілі  Сүйінтай мен Сүйінбайды немере ағалары Бырмахамбет қамқорлығына алады. Сүйінтай жастайынан жекенің малын бағып, мал қысқа қолға тұрған кезде мектепке барып, әупірімдеп бастауыш класты бітіреді. 16 жасында «Доброволец» ұжымшарында қара жұмысшыы болып, талай қиындықты көріп шыңдалып өседі.

1961 жылы кезіндегі Степной ауданы орталығынан автожүргізушілер мектебін тәмамдап, 1962 жылы «Доброволец» ұжымшарында автожүргізуші болып жұмысқа кіріседі. Сол жылы жас жігіт Байқоңыр қаласында әскери борышын өтеуге  шақырылып, 1965 жылы елге оралады.

1966 жылдан зейнет жасына дейін осы өзі алғаш еңбек еткен ұжымшарда әр салада қызмет етеді. Еңбегіне қарай марапаттары да баршылық. Соның бірі  1961 жылы марапатталған «Еңбек ері» медалі ауыл азаматының адал еңбегіне берілген бағаның бірі деуге де болады. Ең басысы ауылдастарына сыйлы, немерелеріне қадірлі ақсақал әлі шымыр, ширақ. 1966 жылы Зейнеппен отау құрып, 2 ұл, үш қызды болады. Қазіргі уақытта  зайбы Зейнеп дүниеден өткеннен соң,  қызымен Ақжайық ауылында тұрады. Қуаты қайтпаған, сөзі түзу қарт қиындық көрдім деп жабықпай, қазіргі өміріне шүкіршілік етіп отырған қиын кездің естеліктерінің бірі десекте болады.

Бақыт ИМАШЕВ.