Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы маңызды заң жобалары
Тұтынушылардың құқықтарын қорғаудың заңнамалық негізін жетілдірудің мақсаты қоғамның барлық деңгейлеріне енетінін және азаматтардың әл-ауқаты мен елдің әлеуметтік экономикалық тұрақтылығын көрсететінін өмір сүру сапасын арттыру болып табылады.
Қазақстан Республикасы Мәжілісінде «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» ҚР Заң жобасын Қазақстан Республикасы Сауда және интеғграция вице-министрі Қайрат Балықбаев баяндады.
Заң жобаларында ұсынылған түзетулер бизнестің жауапкершілігін арттыруға және халықтың тұтыну құқығын қорғауға бағытталған.
Жыл сайын тұтынушылардың өтініштерінің саны артуда.
Бұл тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы істердің нақты жай-күйін көрсетпейді, себебі кейбір тұтынушылар бұзылған құқықтарды қорғау үшін мемлекеттік органдар мен тұтынушылардың қоғамдық бірлестіктеріне жүгінбейді.
Азаматтардың келіп түскен өтініштерін талдау мен мониторинг нәтижелерін, тұтынушылардың құқықтарын қорғаудың қоғамдық институттарының пікірлері мен ұсыныстарын және әлеуметтік зерттеу көрсеткіштерін назарға ала отырып, Министрлік ең алдымен жосықсыз бизнеспен жұмыс істеудің алдын алуға бағытталған заң жобаларын әзірледі.
Халықаралық тәжірибе мен барлық мүдделі тұлғалардың, атап айтқанда, тұтынушылардың қоғамдық бірлестіктері мен бизнес қауымдастықтардың ұсыныстары ескерілді.
- Қолданыстағы Заңда Тұтынушылардың шағымдарын қараудың бюрократиялық алгоритмін түзету қажет.
Тұтынушыға өз құқықтарын қорғау үшін Заңның
42-1-бабында төрт сатылы алгоритмі қарастырылған, ол міндетті түрде тізбектелген болуы керек.
Бірінші кезеңде тұтынушы тікелей кәсіпкерге өзінің тұтыну құқығының бұзылуы туралы шағымдануы тиіс.
Егер келіссөздер сәтсіз болса және кәсіпкер шағыммен келіспесе, тұтынушы екінші кезеңге өтуі керек – міндетті түрде медиатрді өту қажет.
Әдетте, дауды шешудің осы баламалы институты ақылы негізде әрекет етеді.
Үшінші кезең – мемлекеттік органға жүгіну.
Әкімшілік мемлекеттік органның жеке тұлғалардың арасында туындаған дауды шешуге өкілеттігі жоқ, себебі ол сот құзыретіне жатады.
Аталған ереже қарапайым азаматтарға өз құқығын қорғауға кеғдергі келтірді, себебі соттар тұтынушылардың талаптарын қараусыз қайтарып, басынан бастап медиаторға және мемлекеттік органға Заңның 42-1-бабына сілтеме жасай отырып жүгінуді талап етеді.
Заң жобасында Конституцияның ережесіне сәйкес келмейтін және логикасыз міндетті тізбектілікті алып тастау ұсынылады.
Аталған түзетулерді қабылдаған кезде тұтынушы өз құқықтарын қорғау тәсілдерін еркін таңдайды, сотқа еркін және тікелей талап-арыз береді немесе әкімшілік құқық бұзушылық құрамы болған жағдайда ӘҚБтК бойынша жауапқа тарту үшін мемлекеттік органға талап-арыз береді.
- Тұтынушылардың құқықтарын қорғау мәселелері жөніндегі Омбудсмен институты тағайындалған адамға ерекше жария мәртебесін береді, ол мемлекеттік биліктің жоғарғы эшелондарында тұтынушылар қауымдастығының көзі және дауысы ретінде қызмет ете алады, қоғамның үйлестірушісі қызметін атқарады, жауапкершілік артады.
2022 жылы жүргізілген әлеуметтік сауалнама нәтижелері бойынша: 10 мың респонденттің ішінде 56%-ы тұтынушылардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша Омбудсмен институтын енгізу қажет деп есептейді.
Оның негізгі функциялары тұтынушылардың шағымдарын қарау, кеңес беру, тұтынушылардың құқықтарын қорғаудың қоғамдық институттарын үйлестіру, нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеуге қатысу, тұтынушылар құқықтарын қорғау саласындағы істердің жай-күйі туралы жыл сайын баяндама қалыптастыру, сотта тұтынушылардың белгісіз тобының құқықтарын қорғау болады.
Мысалы, Польша мен Германияда тұтынушылар муниципалдық және облыстық тұтынушылардың құқықтары жөніндегі уәкіл (омбудсменның) көмегін белсенді пайдаланады.
- Қолданыстағы Заң салалық заңдармен реттелген қаржылық, әлеуметтік, медициналық, туристік және өзге де қызметтер салаларындағы тұтынушылардың құқықтарын қорғауда қолданылмайды.
Нәтижесінде соттар Заңның 2-бабына сілтеме жасай отырып, тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы нормаларын негізге алмайды.
Кейіннен тұтынушылардың құқықтары мен заңды мүдделері бұзылып әлеуметтік тәуекелдер туындайды.
Адам өмірінің барлық салаларында тұтынушылардың құқықтарын қорғау мақсатында тұтынушылардың құқықтарын қорғау қағидаларын тұрғын үй-коммуналдық тұтыну, байланыс, туризм, мәдениет, сауда, көлік және тұтыну үшін көрсетілетін қызметтердің өзге де салаларында қолдану ұсынылады.
Өз кезегінде, тұтынушылардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша мемлекеттік органдардың салааралық үйлестіруді күшейту ұсынылады.
- Құқықтары бұзылған және сотқа дейінгі кезеңде шешілмеген тұтынушының пайдасына сот айыппұл түрінде салатын кәсіпкердің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін енгізу ұсынылады.
Айыппұл мөлшері тұтынушының талап қою сомасының 10%-дан 50%-на дейін құрайды.
Шағым сомасы неғұрлым аз болса, айыппұл мөлшері жоғарыда көрсетілгендей болады.
Оң жақтары:
1) кәсіпкерлерді сотқа дейінгі кезеңде бұзушылықтарды өз еркімен жоюға ынталандыру (қағида: мұнда және қазір);
2) клиенттің қажеттіліктеріне бағдарлану;
3) қоғамдық мониторингті дамытуға және өркениеттік нарықтық экономиканы құруға ынталандыру.
Осыған ұқсас оң тәжірибе біз келісілген саясат құратын Еуразиялық экономикалық одақ елдерінде қолданылады.
- Онлайн саудаға қатысты 2023 жылдың 6 айында (4 795 өтініш) тұтынушылардың электрондық сауда сегментіне шағымдарының саны 2022 жылдың сәйкес кезеңімен (937 өтініш) салыстырғанда 411%-ға өсті.
Осыны ескере отырып, заң жобасымен шарттарда тұтынушылардың құқықтары мен заңды мүдделерін бұзатын және оларға қысым жасайтын талаптаға жол бермеуді бекіту, сондай-ақ құқықтық олқылықтарды жою, атап айтқанда, тауарларды сату мақсатында пайдаланылатын интернет-ресурстарды «сауда объектілеріне» теңестіру ұсынылады.
Бұл өз кезегінде бизнес субъектілерін ӘҚБтК 193-бабының 1-бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартуға мүмкіндік береді.
- Сонымен қатар, заң жобасында құқық қолдану практикасы мен тұтынушыларды құқықтық қорғаудың нәтижесіне әсер ететін әртүрлі түсіндірмелері бар бірқатар құқықтық олқылықтарды, нормаларды жою ұсынылады.
Мысалы. Заңның 2-бабында тұтынушылардың қаржылық, әлеуметтік, медициналық, туристік және өзге де қызметтер саласындағы құқықтары, сондай-ақ оларды қорғау мәселелері
Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленетіні көзделген. Аталған норма әртүрлі түсіндірудің белгілеріне ие, бұл соттардың
осы норманы әр түрлі оқуы мен қолдануымен дәлелденеді,
кейбіреулері аталған салалар «Тұтынушылардың құқықтарын
қорғау туралы» Заңмен бірге басқа салалық заңдармен реттеледі, ал басқалары бұл норманы басқаша, бұл норма аталған салаларды «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» Заңнан ажыратады деп түсіндіреді.
Тұтыну дауларын сотқа дейінгі (тұтынушының өзі) және соттан тыс (медиатор) реттеудің аражігін ажырату.
- «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» негізгі Заң жобасының жоғарыда аталған аспектілеріне сәйкес келтіру мақсатында ілеспе заң жобасында Азаматтық және азаматтық іс-жүргізу кодекстеріне, «ҚР-дағы көлік туралы», «ҚР-дағы туристік қызмет туралы», «Сауда қызметін реттеу туралы», «Ақпаратқа қол жеткізу туралы» және «Табиғи монополиялар туралы» заңдарға түзетулер енгізу көзделген.
Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің
Сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті.