ТАСҚЫН СУҒА ДАЙЫНБЫЗ БА?

ТАСҚЫН СУҒА ДАЙЫНБЫЗ БА?

Өткен аптада аудан әкімі Асқар Жүсібалиевтің төрағалығымен көктемгі су тасқыны кезеңіне дайындықты пысықтау мақсатында кеңейтілген отырыс өтті.

Отырысқа аудандық төтенше жағдайлар мен полиция бөлімдері, барлық аудандық бөлімдер мен мекеме басшылары, ауылдық округ әкімдері қатысты.   Әуелі көктемгі су тасқыны кезеңіндегі келеңсіз жайттардың алдын алу бойынша аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің бастығы, Бадамша ауылының әкімі және аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлiмi басшысының баяндамалары тыңдалды. Олар негізінен аудан аумағында атқарылып жатқан алдын алу шаралары туралы айтты.

Одан соң Асқар Жүсібалиев тасқын суға қарсы бағытталған нақты тапсырмаларды берді. Атап айтсақ, аудан әкімі елді мекендерде су тасқынына қарсы жұмысты күшейтіп, арықтар мен көшелердi қардан тазарту, өзен арналарындағы су жүру жолдарына бөгет болатын аймақтарды тазалау жұмыстарын жүргізуді тиісті мекеме басшылары мен округ әкімдеріне тапсырды. Сондай-ақ ауданаралық маңызы бар автомобиль жолдары бойындағы су ағар құбырларын тазарту қажеттігі де айтылды.

Барлық жауапты мекеме басшылары мен округ әкімдеріне көктемгі су тасқыны кезеңінде жағдайды үнемі бақылауда ұстау ескертілді.

Қарғалы-ақпарат.