Сайлауалды үгіт-насихат жұмыстары басталды

 Биыл 2024 жылдың 2 маусым күні Бадамша мен Степной және Шәмші Қалдаяқов ауылдық округтері әкімдерінің сайлауы өтеді. Ауылдық округ әкіміне кандидаттарды ұсыну мерзімі 25 сәуірден басталып, 7 мамыр күні аяқталды. Ал 13 мамырдан бастап ауылдық округ әкіміне үміткерлердің сайлауалды үгіт-насихат жұмыстары басталып кетті.

Осы орайда 13 мамыр күні аудан әкімдігінің ғимаратында аудандық сайлау комиссиясының мүшелері, саяси партиялардың, қоғамдық бірлестіктердің қатысуымен Шәмші Қалдаяқов ауылының, Бадамша және Степной ауылдық округтерінің әкіміне үміткерлермен кездесу  өткізді.

Кездесуде аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Нәйля Қожақова үміткерлер мен сенім білдірілген өкілдерге, ауылдық округтер әкімдеріне кандидаттардың сайлауалды үгіт-насихат жұмыстарын жүргізудегі құқықтары мен міндеттеріне тоқталып, түсіндірме  жұмыстарын жүргізді.

Сонымен қатар, комиссия мүшелері де агитациялық жұмыстарды қалай, қайда жүргізудің нақты ережелерімен таныстырып, қатысушыларды толғандырған сұрақтарға жауап берді.

                     

Сондай-ақ, кездесу соңында  ауылдық округ әкімдігіне үміткер 9 кандидат пен сенім білдірілген өкілдеріне арнайы куәліктер табыс етілді.

Қарғалы-АҚПАРАТ

ТегтерСайлау-2024