Отбасы құндылықтары  

Отбасы құндылықтары ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келе жатқан әдет-ғұрыптары мен дәстүрлері. Бұл сезімдер отбасын берік етеді. Адамдардың үй ішінде бірге бастан кешіретін барлық нәрселері — қуаныш пен қайғы, әл-ауқат немесе проблемалар мен қиындықтар.

Отбасы құндылықтары барлық отбасы мүшелерінің ортақ мүдделерін білдіреді. Ең маңызды отбасы құндылықтарының қатарына сыйластық, адалдық, қамқорлық, келісім және өзара көмек жатады. Міне, осылар жанұяны ең жақын, қымбат адамдардың тобы деп анықтайды. Салт-дәстүрлер отбасының ынтымағы мен нығаюына ықпал етеді.

Отбасылық дәстүрлер — бұл, ең алдымен, барлық отбасы мүшелері тойлайтын мерекелер және де баланың туған күні, демалыс күндері, бүкіл отбасы мүшелері жиналып, мерекелік қызмет көрсететін мерекелік кештер.

Отбасында ең бастысы ‑ бір-бірін қолдау, өзара түсіністік, бір-біріне деген ерекше көзқарас және әрине, сүйіспеншілік. Махаббат — отбасының негізі. Әрбір отбасына ролдер бөлінеді: ата-аналар заңды түрде үстем жағдайды алады, ал балалар — отбасының мұрагерлері болады.         Балалар ‑ өмірдің гүлі, отбасының болашағы. Отбасы ‑ әрбір адамның дамуының айнымас құндылығы, мемлекет өмірінде, жаңа ұрпақты тәрбиелеуде, қоғамдық тұрақтылық пен ілгерілеуді қамтамасыз етуде маңызды ролді атқарады. Отбасының ең маңызды әлеуметтік қызметі ‑ балаларды тәрбиелеу және дамыту, жас ұрпақты әлеуметтендіру. Бақытты отбасылық өмір үшін ерлі-зайыптылардың әрқайсысы белгілі бір рухани құндылықтардың ‑ сүйіспеншілік, адалдық, жауапкершілік, жеке құндылық сезімі, төзімділік, отбасы мүшелеріне құрметпен қарау және қиын өмірде көмектесуге әрқашан дайын болуы керек. Отбасылық құндылықтар ‑ бұл маңызды, құнды және де отбасының барлық мүшелері құрметтейтін, олардың мүдделерінің ортақ өрісі. Көптеген адамдар үшін отбасы құндылықтары шамамен бірдей: махаббат, ата-ана болу, адалдық, сенімі, үйі, ата-бабалармен байланысы. Отбасының ең маңызды әлеуметтік қызметі ‑ жас ұрпақты тәрбиелеу.

Қазіргі қоғамдағы отбасы баланың алғашқы әлеуметтену институты ретінде қарастырылады. Отбасылық дәстүрлер бірнеше ғасырлар бойы ұрпақтан-ұрпаққа беріліп келе жатқан білім мен дағдылары. Барлық дерлік отбасылар осы немесе басқа дәстүрді мақтан тұтады.

Отбасылық дәстүрлер үй шаруашылығының барлық мүшелеріне өздерінің маңыздылығын сезінуге, жақындарына қамқорлық пен сүйіспеншілік көрсетуге, жақындарына уақыт пен көңіл бөлуге мүмкіндік береді.

Міне, осылайша балалардың үлкен отбасы мүшелеріне деген ризашылық сезімі, отбасылық қарым-қатынаста тұрақтылық қалыптасып, дүниетанымы мен өмірге деген көзқарасы қалыптасады.

Бесікке салу ‑ бала өміріндегі алғашқы ырымдардың бірі, бұл бесікке салу рәсімі қазақ отбасындағы дәстүрлердің бірі. Қырқынан шығару ‑ баланы 40 күндікке толғанда шомылдыру рәсімі.Тұсау кесу ‑ бала жүре бастағанға дейін аяқты байлайтын жіпті кесу ырымы.

Сонымен қатар, Қазақстанның барлық өңірінде зорлық-зомбылық құрбандарына тегін медициналық — әлеуметтік, әлеуметтік — құқықтық, әлеуметтік — психологиялық қызметтер, сондай-ақ уақытша баспана беру қызметтері көрсетілетін 28 дағдарыс орталығы жұмыс істеуде , ал 2006 жылы 10 өңірде ғана 24 орталық жұмыс істеген болатын. Жыл сайын барлық өңірде «Әйелдерге қатысты зорлық-зомбылыққа қарсы 16 күн» атты ақпараттық-сауаттандыру акциясы жүргізіледі.

Отбасыларды қолдаудың ресурсты орталықтарының қызметі ұйымдастырылды. Отбасы күні белгіленіп, жыл сайын «Мерейлі отбасы» ұлттық сайысы өткізіледі, Отбасылық қарым-қатынастарды, моральдық-этикалық және рухани-адамгершілік құндылықтарды нығайту жөніндегі жалпыұлттық жоспар бекітілді, ол отбасылық құндылықтарды нығайту, салауатты өмір салтын қалыптастыру, Жалпыға бірдей еңбек қоғамын құру сияқты үш бағыт бойынша іске асырылады, балалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауды қамтамасыз етуге бағытталған Бала құқықтары жөніндегі уәкіл институты құрылған.

Сонымен қатар, «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Қазақстан Республикасының Кодексінде баланың өмірі мен денсаулығына қауіп төнгендігі туралы белгілі болған мемлекеттік органдар мен ұйымдардың лауазымды адамдарының және өзге де азаматтардың оның құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауы үшін шара қолдану міндеті көзделгеніне қарамастан, зорлық-зомбылық фактілері туралы хабардар ету тетіктері жеткілікті түрде дамымағандығын  айтты.

Адам үшін отбасы құдылығы өте бағалы,  әр отбасы бақытты болуға лайықты және отбасы құндылықтарын сақтау үшін мемлекет тарапынан барлық мүмкіншіліктер қарастырылған.

 

 

                                       Гулшара БИЖАНОВА,

  аудандық сот әкімшісінің басшысы