ӨРТТІҢ СЕБЕПТЕРІ: ӨРТ ҚАУПІНЕ НЕ ӘКЕЛЕДІ?

Өрттер – мүлікке, қоршаған ортаға және ең бастысы адам өміріне зиян келтіретін ең кең таралған төтенше жағдайлардың бірі. Оқиғаларды талдау көрсеткендей, өрттердің басым бөлігі адам факторының әсерінен орын алады.
Өрттің негізгі себептерінің бірі – отпен абайсыз әрекет ету. Бұл рұқсат етілмеген орындарда темекі шегу, жанғыш материалдардың жанында ашық отты пайдалану немесе қараусыз қалдырылған ошақтар болуы мүмкін. Әсіресе көктем-жаз мезгілінде бұл мәселе өзекті, себебі табиғи өрттердің қаупі артады.
Электр құралдарын пайдалану ережелерін бұзу да үлкен қауіп төндіреді. Электр желісіне артық жүктеме түсіру, ақаулы техниканы қолдану, сондай-ақ өз бетінше жасалған қосылыстар қысқа тұйықталуға және өрттің туындауына себеп болады.
Сонымен қатар, балалардың отпен ойнауы ерекше назар аударуды қажет етеді. Қараусыз қалған балалар қауіпті толық түсінбей, ауыр салдарға әкелуі мүмкін.
Өрттің алдын алу үшін қарапайым қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтау қажет. Есіңізде болсын: өрттің алдын алған әлдеқайда оңай, оны сөндіргеннен гөрі.
Аудандық ТЖБ




