Өнерлі өрендер- жеңіс төрінде

Ауданымыздағы балалар өнер мектебі оқушыларынан құрылған «Өркен» оқушылар театрының қоржыны тағы бір жүлдемен толықты.

 

2023 жылғы 15 қыркүйекте «Ақтөбе — Дарын» ӨҒТҚББО-ның ұйымдастыруымен республикалық «Театрдың ғажайып әлемі» атты театр өнері фестивль — байқауының облыстық кезеңі (драма, көркем сөз,пантомима, қуыршақ театры) өтті.

Фестиваль-байқаудың мақсаты — өскелең ұрпақты рухани-адамгершілік, эстетикалық тәрбиелеу факторы ретінде балалар мен жастар театр шығармашылығын қолдау және дамыту, тұлғаның үйлесімді дамуы, өзін-өзі көрсетуге, әлемді эстетикалық және бейнелі түсінуге бірегей қабілеттерді қалыптастыру және дамытуға бағытталғын.

Байқауға жалпы білім беретін мектептер мен қосымша білім беру ұйымдарынан іріктеуден сүрінбей өткен өнерпаздар қатысқан.

Осы орайда ауданымыздағы  балалар өнер мектебінің «Өркен» оқушылар театры пантомима, қуыршақ театры, көркем сөз жанрлары бойынша бақ сынады.

Нәтижесінде «Өркеннің» өнерлі оқушылары Пантомима жанры бойына жүлделі II орын, қуыршақ театры, көркем сөз жанры бойынша арнайы Сертификат иеленді.

Жұлдыз КЕНЖЕ.