НАРЫҚҚА КІРУГЕ КЕДЕРГІЛЕР: БӘСЕКЕЛЕСТІККЕ ТОСҚАУЫЛДАРДЫ ЖОЮ ЖОЛДАРЫ ТАЛҚЫЛАНУДА

Интернеттен алынды
Бәсекелестікті қорғау және дамыту жөніндегі агенттіктің «Тосқауылдар жөніндегі кеңес» консультативтік алаңы Мемлекет басшысының «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асыру шеңберінде құрылды, тиісті тауар нарықтарында «әділ сауда» қағидаттарын қамтамасыз ету бойынша объективті ұсыныстар әзірлеу үшін нарыққа кіру, сараптамалық қоғамдастықты бәсекелестікті бұрмалауға түрткі факторлардың әсерін бағалау және сараптау бойынша шектеулерді анықтауға бағытталған, әрі ұлғайтылған экономикалық өсуді қамтамасыз ету үшін өзекті болып табылады.
Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің тауар нарықтарына кіру кедергілерін анықтау және жою жөніндегі кеңесі әкімшілік, экономикалық және өзге де кедергілерді анықтау және жою және бәсекелестік нарықтық экономиканы қалыптастыру мақсатында құрылды.
ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту Агенттігінің Ақтөбе облысы бойынша департаменті жанында да нарыққа кіруге, бәсекелес нарықтық экономиканы қалыптастыруға кедергі келтіретін тосқауылдарды жою үшін кедергілер жөніндегі кеңес жұмыс жасайды.
Кеңес отырыстары белгілі бір салалық мәселелер бойынша айына кемінде 1 рет өткізіледі (Кеңестің жоспарлы кестесіне сәйкес) және жыл сайынғы есептілік негізінде оның қызметі хаттамамен рәсімделеді.
Кеңес қызметінің нәтижелері бойынша әзірленген ұсынымдар «Тосқауылдар жөніндегі кеңес» алаңы арқылы экономиканың орталықтандырылған нарықтары мен монополия нарығын одан әрі дамыту үшін Агенттікке жіберіледі. Сондай-ақ, бәсекелестікті дамыту жөніндегі ұлттық жобаны қалыптастыру және өзектендіру кезінде пайдаланылатын болады.
Кәсіпкерлік қызметіңізге кедергі келтіретін жағдайлар орын алса – тауар нарығына кіруге рұқсат бермеу, шектеулер қою немесе жосықсыз бәсекелестік әрекеттер байқалса – ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту Агенттігінің Ақтөбе облысы бойынша департаментіне келесі мекен-жай бойынша хабарласуыңызға болады:
Ақтөбе қаласы, Астана ауданы, Абай даңғылы 17, байланыс телефоны: 8 (7132) 549243.
Ж. БЕРНИЯЗ,
Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Ақтөбе облысы бойынша департаментінің
тергеп-тексеру бөлімінің бас маманы



