МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛ

Сурет ЖИ
Тіл саясаты кез келген мемлекеттің ұлттық тағдырын шешетін киелі құбылыс. Қазақстан халқын топтастырудың аса маңызды факторы болып табылатын мемлекеттік тілді меңгеру – Қазақстан Республикасының әрбір азаматының парызы.
Үкімет, өзге де мемлекеттік, жергілікті өкілді және атқарушы органдар: Қазақстан Республикасына мемлекеттік тілді барынша дамытуға, оның халықаралық беделін нығайтуға, Қазақстан Республикасының барша азаматтарының мемлекеттік тілді еркін және тегін меңгеруіне қажетті барлық ұйымдастырушылық,материалдық-техникалық жағдайларды жасауға, қазақ диаспорасына ана тілін сақтауы және дамытуы үшін көмек көрсетуге міндетті.
Жалпы еліміздің ұлттық қауіпсіздігі, әлеуметтік тұрақтылығы мен интелектуалды даму мәселесі мемлекеттік тіліміздің ұлттық дәрежесімен тікелей байланысты. Тіл–еліміздің мәдениетін қалыптастырып, оның тарихын, тұрмысы мен әдеп–ғұрпын және салт–дәстүрлерін терең танытуға мүмкіндік береді. Сондықтан да мемлекеттік тілді білу – қажеттілік екенін насихаттаудың маңызы зор. Тіл – ұлттың аса ұлы игілігі, әрі оның ажырағысыз белгісі екенін ұғынғанымыз жөн.
Әсемгүл КЕЛЬМАГАМБЕТОВА,
аудандық сотының бас маманы
сот отрысының хатшысы




