МЕДБИКЕ ТІРШІЛІК ТЫНЫСЫ
Алғашқы медициналық көмек көрсетумен елді мекендердің медициналық қажеттіліктерін қамтамасыз етуде шын мәнісінде әлеуетті мүмкіндігі мол мамандық медбике мамандығы. Біз де нәзік жандылар мерекесіне орай ауылдастарының денсаулығы үшін еңбек етіп жүрген Қайрақты ауылының медбикесін тілге тиек етіп,табыс тілейміз.
Біздің сөз еткелі отырған ауыл медбикесі аудандағы Мамыт ауылында қарапайым отбасындағы бес баланың үлкені, Зияда Сарина Тұрғынбайқызы 1961 жылы 6 маусымда дүниеге келген. 1979 жылы мектеп бітіріп, сол жылы іргелес Орск қалалық медициналық училищесінің акушер бөлімін 1982 тәмамдап, Қайрақты ауылындағы медициналық пунктке жұмысқа орналасады. Міне, содан бері осы ауылда еңбек етіп келеді. Бүгінгі таңда Қайрақты ауылының 278 адамының жанашыры. Ол жетекшілік ететін медициналық фельдшерлік пунктте медбике, жедел жәрдем авто-көлік жүргізушісі, өзі басшы болып еңбек етіп ауылдастарының көңілінен шығып жүр. Ауылдастарының арасында ұзақ жылдар еңбек еткен ауыл медбикесі 2 баланың анасы, 5 немере, 1 шөберенің сүйікті әжесі. Ұзақ жылғы еңбегінің елеуіндей марапаттардан да кенде емес.
Бізде ауыл жанды мейірімді мейірбикеге мерекелік лебізбен аман-есен ауылдастарының алғысына кенеліп жүре беріңіз дегіміз келеді.