КӘСІБІНІҢ БЕРЕКЕСІН КӨРГЕН ӘЖЕ

КӘСІБІНІҢ БЕРЕКЕСІН КӨРГЕН ӘЖЕ

Расында екі ғасырдың куәсі болып қатты да тәтті айтатын үлкендер қатары сиреп барады. Барының алды 80 жастан асып 100 төңіректегендер. Ал, біз әңгіме еткелі отырған бадамшалықтарға туыстай аудан жұртшылығына Роза атанып кеткен Рузия Тілеукулова апай 85-ке таяған жасында да кәсіпке жетекшілік етіп, жүрген еті тірі ширақ жан. Аудан тұрғындарына таныс «Бағдаулет» кафесі мен дүкенінің меңгерушісі аудандағы кәсіпкерлердің көш басшысы Рузия Сұлтанқызын білмейтідер кемде кем. Я, осындай іс бастап, аяққа тұру үшін қажырлық керек десек, Рузия апай Кеңес дәуірінің аумалы- төкпелі кезеңін көріп, тәуелсіздіктің дәмін татқан аға буындардың алдыңғы легінен.

1939 жылдың 14 мамырында Ақтөбе облысының Новоресей ауданында дүниеге келген. Әкесі Сұлтан сүт зауытында есепші болып жүрген жерінен 1943 жылы соғысқа аттанып содан оралмаған, бір өкініштісі із-түзсіз кеткен әкелерін ұрпақтары әлі күнге дейін іздестірумен келеді. Анасы Ақбикеш сүт зауытында еңбек етіп, балаларын жеткізген Рузияда жастайынан еңбекке араласып Ақтөбе қаласында бас почтада телеграфист болып еңбек еткен. 1960 жылы Жолдыбай Тілеукуловпен тұрмыс құрады.

Ол кісі ел ағасы ішкі істер органында еңбек еткен аудан жұртшылығына танымал азамат осы өңірде өмірден өтті. Азаматы екеуі 6 бала тәрбиелеп өсірді. Ұл қыздары жоғарғы, орта оқу бітірген. Кейіннен жолдасының жұмыс барысымен Бадамшаға келіп, өзі Қызыл-қайың мамыт кен орынында ұзақ жылдар дүкеншілік қызметте болып, 1992 жылдары жалпы тоқырау басталғанда ала дорба арқалап, бүгінгі кәсіпкерліктің тізгінін ұстағандардың бірі. 1995 жылдан бастап кәсіпкерлік жолында төккен тердің берекесін көріп отырған әже қайырқом жан. Бадамшада өтетін іс-шараларға демеуші, көмек сұрағандарға қайырымы мол.

Еңбегі де елеулі, еліне сыйлы, марапаттары да баршылық. 85 жасты іргелесе де кәсібінің бастауы дүкен, кафесіне келіп бір жасап қалады. Өзінен кейінгі әріптестеріне байлық емес, ел үшін еңбек етіңдерді айта жүретін, көргені көп қос ғасырдың куәсі, аналардың анасына аман-сау ақылшы болып жүре беріңіз деген тілек, сүйеу болсын дейміз де.