Қосестек ауылында «Таза бұлақ» акциясы өтті

Қосестек ауылында табиғатты аялауға бағытталған іс-шара өтті.

         Бұл экологиялық бастама ауыл жастарының  және де «AMANAT» партиясының аудандық филиалының қолдауымен, «Таза Қазақстан» акциясы аясында «Таза бұлақ» атауымен ұйымдастырылды.

Акция барысында ауыл жастары мен еріктілер бұлақ маңын қоқыстан тазартып, аумақты абаттандыруға атсалысты. Су көзінің айналасы әктеліп, сырланып, жасыл желекке әр берілді. Осылайша, көпшіліктің күшімен табиғи бұлақтың мөлдір бейнесі қайта жаңғырды.

Іс-шараның басты мақсаты – ауыл тұрғындары арасында экологиялық мәдениетті нығайтып, табиғи су көздерін сақтау, жастарды туған жер табиғатын қадірлеуге баулу. «Таза табиғат – жарқын болашақ!» деген ұранмен өткен акцияға ауыл тұрғындары да белсене қолдау білдірді.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай игі істер алдағы уақытта да жалғасын тауып, ауылдың көркі мен табиғи байлығы болашақ ұрпақ үшін сақтала бермек.

Жұлдыз КЕНЖЕ