ҚАМҚОРЫ МОЛ АНА
Ана — қашанда мейірімді қамқоршы. Біз сөз еткелі отырған көпбалалы ана Алмаш Жұмабекқызы бес ұлын аман-есен қанаттандырып, қызын қияға ұшырса, отбасының діңгегі, азаматы Байгелдіні шырағынан айырылған сәттен бастап,саулығын тілеген қамқоршы ананың, қамқорлық жөні бөлек. Биылғы қоян жылы Қулекеновтар отбасы үшін елеулі жыл болып қала бермек.
Алмаш 18 мамырда әжелердің мамырлаған жарасымды жүрісімен жетпіс жасқа аман-сау жетсе, отау құрғандарына 50 жыл «Алтын той» оған жеткенде бар,- жете алмағаны қаншама?
Зымыраған уақыт өз еншісін алады. Алмаш 8 балалы отбасы Кулекеновтар әулетінің Байгелді ұлына жар болған күн ене тәрбиесі, отбасындағы 5 ұлдың ер жетіп, 3 қыздың жетілгені күні кешегідей көз алдында. Алмаш Бозтөбе ауылымен іргелес Орскінің Красный чабан ауылында туып,ес біле бастағанда Бозтөбе ауылының Мастеренко деген бөлімшесіне әке-шешесі қоныс аударып мал шаруашылығында еңбек етеді. Өзі Анастасьев мектебінде 8 сыныпты тәмамдап ауылда сауыншылықтан еңбек жолын бастаған.
Азаматы Орынбор өңірінің тумасы,-темір ауыл шаруашылығы техникумының түлегі мал дәрігері Байгелді Кулекеновпен отау құрып,өмір ағымына қол ұстасып аттанады.
Артта талай жыл қалды, екеуін де ел таныды. Жолдасы Байгелді ауылда ауыл шаруашылығы саласында еңбек етті. Сонау 90 жылдардағы тоқыраудан да аман өтіп «Диана» шаруа қожалығын ашып, шаруалары шалқып кетпесе де бес ұлмен бір қызды оқытты қанаттандырды. Бүгінде солардан тараған 11немеренің ата- әжесі. Алайда өмір ағымдарының әттеген-ай тұстары да кезігіп жатады. Азаматы Байгелдіні Алмаштың қос жанарын емдетуге апармаған дәрігері жоқ. Алайда қос жанар емге келмей тұр.
Бүгінде 50 жыл бір кемеде жүзген кезіндегі екі жас, ата-әже, бір-біріне қамқоршы, балаларына тілекші болып, Бадамша ауылында тұрып жатыр. Балалары мен немерелері де ата — әженің базары келіп- кетіп, шаттыққа бөленіп, атасына еркелеп көңілін көтеріп тұрар алданыштары да баршылық.