Егін науқаны аяқталып қалды

Жасыратыны жоқ жылда егін еккен ағайын, сары ала күзде өнім қамбаға түскенше көңілі  алаң күдікпен үміт те  болатыны шындық. Биыл жазы ыссы, күзі жаңбырлы ауа-райы қиындық келтіргені де рас. Соған қармастан, егін науқаны жылдағыдан бір айдай кеш бітсе де қамбаға қызыл егін құйылды.

Егіндікпен айналысатын біздің аудан өткен аптаның жұмасында егіндік науқанының біткенін хабарлаған болатын.

Бізде аудандағы егіндіктің мәні мен түсімін білмекке аудандық кәсіпкерлік және ауылшаруашылығы бөлімінің жаңа басшысы Қойшыбай Рсалинмен хабарласып, көңілді бірлеп, жиған-тергенді аудан жұртшылығына жеткізуді жөн көрдік.

«Жерге еккенді баптасаң, барын аласың»,- дегендей аудан дихандары биыл  2023 жылдың көктемінде 155,592 гектар  жерге егістік еккен. Талдап айтар болсақ, дәнді дақылдар 117273 гектарға себілсе, оның ішінде жаздық бидай 78303 га,  арпа 34447 га, сұлы 200 га, тары 1630 га, құмай 433 га, ноқат 895га, күздік бидай 1365 га егілісе, (майлы дақылдар барлық алқап 11694 гектар жерді қамтиды десек, оның ішінде күнбағыс 2714 га, мақсары 8050 га, зығыр 930 га).

Малға азықтық дақылдар 24800 га, картоп 1286 га, көкөніс 503 га, бақша дақылдары 38 га, себіліп күткен уақытта жетіп, жиын-терін ойдағыдай жүргізілген.

Егістікке дән сеуіп, жинауда аудандағы ауылшаруашылығымен айналысатын 17 ЖШС, 112 шаруа қожалығы белсене қатысты. Еңбекке қарай, сондай-ақ, биылғы кедергі келтірген ауа-райына қарамастан 112 мың гектар жерден өнім жиналып, түсімі асып-таспаса да көп өңірлерден тәуір түсімі. Себебі, әр гектарына 12,3 центнер өнім алынған.

Жылда ауылшаруашылығына соның ішінде егін шаруашылығына үкіметіміз қолдау көрсетіп келеді. Жылдағы үрдіс бойынша егін егу науқанында да елмен бірдей біздің ауданның диханшыларына 260 тонна жанармайды жеңілдетілген әр литрін 207 теңгеден алуға жәрдем етіп, дихандарға біраз жеңілдік болды. Күзгі егістік жиын-терімде де аудан дихандары 2500 тонна арзандатылған дизель отынын басында әр литрін 267-250 теңгеден алып, игілігін көрді. Жерден өнім алу үшін баптау қажет. Осыған байланысты биыл 330 тонна минералды тыңайтқыштар сатылып алынды. Сонымен қатар, 95 мың га жерді өңдеуге 97 мың литр  гербицид алынса, жұмсалған шығынның 50 пайызын  үкімет жауып отыр.

Біздің аудан соңғы уақыттары жаңбырлатып суарудың  жетістігін көріп келе жатқан облыстағы бірден-бір үлгілі аудан. Өткен 2022 жылы 500 млн теңгеден аса қаржыға, 13 дана заманауи жаңбырлатып суаратын қондырғылар сатып алынды. Ауданда осы қондырғының игілігін көріп отырған Желтау ауылдық округінің дихандары баршылық. Егістікке нәр берер аталмыш құрылғы арқылы картоптан мол өнім алып отырған ірі шаруашылықтар «Ақтеп», «later Agro rood» ЖШС-терімен қатар «Айдана», «Арман» шаруа  қожалықтары. Олар  суармалы жер көлемін 25 пайыз жерге арттырып, айтарлықтай өнім алып жүр. Бүгінгі күндері әлі жиып-теріп жатқандықтан анық айта алмадық.

Аудандық ауылшаруашылығы басшысының мәліметіне сүйенсек, аудандағы жиып-теру науқаны аяқталып, ендігі мақсат бардың қызығын көріп, қажетімізге жарату қалғандай.

Бақыт ИМАШЕВ,

ауданның «Құрметті азаматы».