Балалық шақтан қалар естелік

Өткен аптада «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында аудандық білім бөліміне қарасты барлық білім беру ұйымдарында бір мезгілде «Түлектердің ағаш егуі» атты эко-челленджі өтті.

Бұл бастама өскелең ұрпақты қайырымды істерге баулуға, олардың бойында қоршаған ортаға деген қамқорлық пен экологиялық мәдениеттілік қалыптастыруға бағытталған.

Сондай-ақ, ағаш отырғызу эко-челленджі бүгінгі күні жылдан жылға қолға алынып келе жатырған дәстүрлі шараға айналды. Аталмыш шара барлық білім беру ұйымдарында биыл екінші жыл өткізіліп отыр.

                                             

Осы жылы бұл шараға 9-11 сыныптардан 259 оқушы қатысты. Барлығы аудан бойынша 118 жас көшет пен гүл отырғызылды.

Қарғалы-АҚПАРАТ