Аудан әкімі Желтау, Қосестек және Велихов ауылдарын аралады

Өткен аптада аудан әкімі Асқар Жүсібалиев ауданға қарасты Желтау, Қосестек және Велихов ауылдық округтеріне іс сапармен барды.

         Сапар аясында аудан басшысы ең алдымен ауылдық округтердегі шаруа қожалықтарын аралады. Сондай-ақ,  іссапар барысында егіс және көкөніс жинау науқанының  барысымен танысып, шаруашылық басшыларына егіс науқанын уақытылы аяқтап, дақылдардың қажетті  тұқым мөлшерін жаңа егіс науқанына әзірлеу бойынша бірқатар тапсырмалар берді.

Айта кету керек күз келісімен, күн суыта бастады. Күз мезгілі егіншілердің нағыз науқан кезі. Яғни, астық пен егіннің, жеміс-жидек пен көкөністің уылжып пісіп, қазан болатын уақыты.

         Осы орайда «Еңбегіне қарай өнбегі» демекші, аудан шаруалары күзгі жиын-терім науқанына белсене кірісуде. Сонымен қатар, шаруашылықтар биыл да мол өнім аламыз деген үмітте. Аудан диқандары жаз бойы күтіп-баптаған астықты оруда.

Олай болса, шаруалардың  көктемде тырбанып, жер тырнаған диқанның бейнеті өтелетін шағы да осы кез.

Гүлжазира МЫРЗАБЕКОВА.