АНАЛАР АРДАҚТАЛЫП, АРУЛАР МАДАҚТАЛДЫ
Тіршіліктің тұтқасы, мейірім мен ізгіліктің тіні болған әйелдер қауымы ыстық ықылас пен қастерлі құрметке лайық. Ардақтау,аялау үшін жаралған аналар мен арулардың төл мерекесіне орай барды салып, құрметтеп қалуға асығамыз.
Өткен аптада аудандық мәдениет үйіне ақ жаулықты аналар, іс басында жүрген аяулы арулар мен жауқазын қыздарымызға арнап «Ана — гүл, ана — жыр, ана — өмір шырағы» атты салтанатты мерекелік жиын өтті.
Сахна шымылдығын аудандық мәдениет үйінің көркемсөз шеберлері аналарға деген толғанысты төкпелете жеткізіп, өнер мектебінің «Кербез би» тобы мың бұралған билерімен өрнектеп ашты.
Ауданның нәзік жандыларын ыстық ықыласпен құттықтаған аудан әкімі Асқар Жүсібалиев отбасының құты болған әйелдің бір қолымен әлемді, бір қолымен бесікті тербететінін айта келе, өңірдегі қыз-келіншектердің аудан әлеуетін арттырудағы үлесін пайызға салып саралап, ризашылық сезімін жеткізді.
— Аяулы ауылдастарым! «Алып та анадан туады». Тоғыз ай он күн көтерген, түн ұйқысын төрт бөлген аналардың еңбегі қашан да ерекше. Барлық адам анасын қадірлеп, құрметтейді. Қазір заман басқа, талап та, кәсіп те өзге. Нәзік жан иелері барлық салада еңбектеніп жүр. Қоғамда демографиялық өсім туралы сөз қозғалса да, аналарымыздың түн ұйқысын төрт бөлген еңбегі айтылады.
Әріден термей, аудан бойынша өткен жылды сараптасақ, былтыр 186 сәби өмірге келді. Биыл қоян жылының екі айында барлығы 32 сәби жарық дүние есігін ашқан.
Осы ретте ауданымызда көп балаға әлемнің жарығын сыйлаған аналардың ізін жалғаған 63 «Батыр ана», 39 «Күміс алқа» иегері бар. Бүгінде әйел тек отбасының ұйтқысы, балалардың анасы, немерелердің әжесі ғана емес, өмір ағымына белсене араласатын заманауи қоғам мүшесіне айналып отыр. Осындай еңбекпен танылып жүрген қыз-келіншектер біздің ауданда да жетерлік. Біздің ауданда мәртебелі мемлекеттік қызметте жүргендер үлесі — 61, білім саласындағылар — 74, мәдениет саласындағылар — 52, денсаулық саласында — 85, кәсіпкерлік тізгінін ұстағандар — 38, құқық қорғау саласында — 18 пайыз екен. Соның ішінде жоғарғы лауазымды әйелдер үлесі — 10 пайыз. Бір сөзбен айтқанда ақ жаулықты анадан бастап, бұрымдылар араласпаған сала жоқ. Көк байрағымызды желбіретіп спорттық додада топ жарған шымыр да батыл қыздарымыз да көп.
Ендеше бойындағы білімі мен білігі, мәдениеті мен күш жігерін еліміздің өркендеуіне, ауданымыздың дамуына арнап жүрген әйелдер қауымын бүгінгі көктем мерекелерімен құттықтап, бас иемін! — деді Асқар Жүсібалиев.
Қай мереке де марапатсыз өтпейді. Аудан әкімі көп жыл еңбек етіп, бар қажыр- қайратын жұмсап, соңдарына ізбасар ерте білген, шәкірт тәрбиелеген асыл жандарға облыс әкімінің Алғыс хаттарын табыстап, гүл шоқтарын ұсынып, игі тілектерін жеткізді.
Марапатқа ие болғандар қатарында 32 жыл еңбек еткен аудандық статистика бөлімінің басшысы Райхан Рахимова, аудандағы ұстаздардың ұстазы, білім саласында 40 жыл еңбек еткен ардагер, аудандық аналар кеңесінің мүшесі Сабира Сүлейменова, Қос Естек ауылының ауыл шаруашылығы саласында, соның ішінде 32 жыл сауыншы болып еңбек еткен Аярслу Нұрмағанбетова, мемлекеттік сала маманы, аудан әкімінің аппараты персоналды басқару қызметі бөлімінің (қадр қызметі) басшысы Гүлмира Жақсыбаева, 35 жыл осы салада еңбек етіп келе жатқан Қарғалы аудандық әлеуметтік қамсыздандыру бөлімінің басшысы Наталья Юсупова, Бадамша ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы Айгүл Шаймағамбетовалар бар. шашып, қыз-келіншектерді сұлулық әлеміне шақырып жүрген Нұрсұлу Оңғаеваға аудандағы іскер әйелдер қауымдастығының жетекшісі Надежда Заглядова да ризашылығын білдіріп, алғысын айтты. Осы кеште аудан әкімі қоғамдық жұмысқа белсене араласып жүрген 13 қыз-келіншекті арнайы мерекелік Алғыс хатпен марапаттады. Мереке иелеріне арналған кешті аудандық мәдениет үйінің өнерпаздары әнмен әрлеп, аудандық өнер мектебінің жас өрендері әсем билерімен көркемдеді. Бұл күні әжелер мен аналар, апалар мен қарындастар көтеріңкі көңіл күймен үйлеріне тарасты. Дәл осындай мерекелік шаралар ауыл-аймақтарда жалғасын тауып жатты. Бақыт ИМАШЕВ, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі.
Салтанатты кеш барысында аудандағы іскер әйелдер қауымдастығының «Үміт сыйла!» жобасына қатысушы Петропавл ауылының кәсіпкері, сән әлемінің шебері Нұрсұлу Оңғаева аудан әкімінің Алғыс хаты мен гүл шоқтарына ие болды. Сондай-ақ жан жағына шуағын шашып, қыз-келіншектерді сұлулық әлеміне шақырып жүрген Нұрсұлу Оңғаеваға аудандағы іскер әйелдер қауымдастығының жетекшісі Надежда Заглядова да ризашылығын білдіріп, алғысын айтты. Осы кеште аудан әкімі қоғамдық жұмысқа белсене араласып жүрген 13 қыз-келіншекті арнайы мерекелік Алғыс хатпен марапаттады.
Мереке иелеріне арналған кешті аудандық мәдениет үйінің өнерпаздары әнмен әрлеп, аудандық өнер мектебінің жас өрендері әсем билерімен көркемдеді. Бұл күні әжелер мен аналар, апалар мен қарындастар көтеріңкі көңіл күймен үйлеріне тарасты. Дәл осындай мерекелік шаралар ауыл-аймақтарда жалғасын тауып жатты.
Бақыт ИМАШЕВ, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі.