ӨНІМІНЕ ҮМІТ АРТҚАН ЕҢБЕК

Көктем келісімен-ақ диқандар үшін қауырт науқан басталып та кетті. Дәл қазіргі уақытта егін егу жұмыстарының қызған шағы.  Науқан басталғаннан бері біздің астық алқабындағы диқандар мен шаруаларымыз да дала жұмыстарында тыным таппай, бел жазбай еңбек етуде.

Осы орайда көктемгі егін науқанының мән-жайын білу үшін аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Нұржан Таженовпен  әңгімелескен болатынбыз.

Иә, көктемгі дала науқаны қазір біздің ауданымызда да қызу жүріп жатыр.  Жалпы облыста көктемгі егістік әр жерде әр қалай жүзеге асуда. Облыстағы егіндік аудандар бойынша 806,4 мың гектар жерге дақылдар себу жоспарланған, оған себілер 51 мың тонна дақылдар, қажетті техника да дайын.

Ендігі кезекте біздің ауданымыз бойынша талдап айтар болсам, 2025 жылғы егіс алқабының жоспары 150,0 мың гектар. Оның ішінде: дәнді  дақылдар – 110,4 мың га, майлы  дақылдар – 12,8 мың га, (күнбағыс – 2,5 мың га  , мақсары – 7,5 га және зығыр -2,8 га.).

Мал  азығы  дақылдары – 24,9 мың  га, оның  ішінде өткен жылдардың шөптері 7,44 мың га., көп жылдық шөптер 2,5 мың га., бір жылдық шөптер 15,0 мың га. Картоп – 1,3 мың га., көкөніс – 0,46 га., бақша  дақылдары – 0,050 га.

Бүгінгі күнге 45 936  гектар  ылғал жабу жұмыстары жүргізілді, 32 683 гектар тыңайтқыштармен өңделді және 10 682 гектар алқапқа дәнді дақылдар себілді (арпа – 4142га., бидай – 6540 га., көнжылдық мал азығы – 23 га., бір жылдық мал азығы – 150 га., картоп – 19 га., көкөніс – 2 га.,).  Сонымен қатар дәнді дақылдар тұқымын дәрілеу (улау) 1 068 тонна.

2025 жылдың көктемгі далалық егістік жұмыстарына тыңайтқыштармен қамтылу тапсырмасы – 9 900 тонна, қазіргі уақытта сатып алынғаны – 6 222 тонна (тыңайтқыш сатып алған шаруашылықтар саны – 33), орындалғаны – 62,85%. Шаруашылықтар қажетті тыңайтқыштарды тасымалдауда. 

Ауа-райының ылғалды болуына байланысты алдын ала дайындалған егістік алқаптарында орташа есеппен 40-50 см., тыңайған жерде 25-30 см. ылғал бар.

Көктемгі далалық жұмыстарына бөлінген дизель отынын тасымалдау жұмыстары бойынша, 49 шаруашылық құрылымдарынан түскен қажеттілік 1279,3 тонна, бүгінгі күнге тасымалданып алынғаны – 583,9 тонна, қалғаны – 695,4 тонна, орындалғаны 45,6%. Бүгінгі күні шаруашылықтарда дизель отынының қоры бар, егіс жұмыстарының жүру барысында қалған дизель отыны тасымалданып алынады.

Көктемгі далалық жұмыстарын жүргізуге арналған «Кең дала-1» және «Кең дала-2» мемлекеттік бағдарламалары арқылы несие алу үшін, барлығы 17 шаруашылық құрылымдары жалпы соммасы 1 млрд. 375 млн теңгеге құжат тапсырып, барлық өтініш мақұлданып, несие қаражаты шаруашылықтарға бөлініп, бүгінде қаражат мақсатты игерілуде. (дизель отынына, тұқым сатып алу, қосалқы бөлшектер мен тыңайтқыштар сатып алу мақсатына игерілуде).

Сонымен қатар, аудандарда тұқым шаруашылығын құру тапсырмасына сәйкес, ауданның ірі шаруашылық құрылымдарымен түсіндіру жұмыстары жүргізіліп жатыр екен.

– Осы орайда «Степное» ЖШС тұқым шаруашылығын қайта ашып, іске қосуға ниетті. Қазіргі уақытта аудан аумағында картоп бойынша «Актеп» ЖШС-і тұқым шаруашылығын жүргізуде. Сондай-ақ тұқым шаруашылығын ашу үшін әлеуеті зор «ДиЛэнд» және «Велиховка» ЖШС-і басшыларымен жұмыстар жүргізілуде,-дейді бөлім басшысы Н.Таженов.

Олай болса, дала дүбірі қызған шақтағы, ауданымыздағы көктемгі далалық жұмыстарының өту барысы қалыпты. Шаруалардың бірлесе атқарған тынымсыз еңбегі жемісті болғай.

Бақыт ИМАШЕВ

 

Тегтернауқан