Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасын тежеу – ішкі нарықтың тұрақтылығы

Азық-түлік бағасының тұрақтылығы – халықтың күнделікті өмір сапасына тікелей әсер ететін фактор. Осыны ескере отырып, Үкімет әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бағасының өсуіне жол бермеу үшін ауыл шаруашылығын қаржыландыру көлемін екі есеге арттырды. Бұл шешім отандық өндірушілерге қосымша мүмкіндік береді: шаруалар айналым қаражатын кеңейтіп, өнім көлемін арттыра алады. Нәтижесінде тұрақтандыру қорларының әлеуеті күшейіп, нарықтағы баға өсімін тежейтін тиімді тетік қалыптасады. Сонымен бірге делдалдық тізбектер мен алыпсатарлық сауда үстемелерін анықтау бойынша өңірлік комиссиялардың жұмысы күшейтіледі. Бұл ашық әрі әділ баға қалыптастыру саясатына жол ашады.

Сақтағанов Абай, Ақтөбе қаласы мәслихатының депутаты