Аймақ басшысы біздің ауданымызда

Өткен аптаның сенбі күні Ақтөбе облысының әкімі Асхат Шахаров өзінің іссапарын алғаш біздің ауданымыздан бастады.

                   

Өңір басшысы сапар аясында ең алдымен егіншіліктің қазіргі жағдайы мен егін жинау науқанының барысымен танысты.  Осы орайда Ш.Қалдаяқов ауылындағы шаруа қожалықтарының басшыларымен кездесіп, жүздесуде маңызды мәселелер талқыланып, диқандар биылғы жылы өнімділіктің былтырғыдан төмен екенін атап өтті. Мәселен, «Велихов» ЖШС егіс алқабынан бір гектардан 10 центнерге жуық бидай жинайды. Десе де, қазір егін жинау науқаны штаттық режимде өтуде, дизель отынымен қамтамасыз етуде айтарлықтай мәселелердің жоқтығын да айтты.

Сондай-ақ, аймақ басшысына шаруа қожалықтарының басшылары өздерін толғандыратын мәселелерімен жүгінді. Ондағы шаруа иелерін  толғандыратын басты мәселе — Хромтау ауданына қарасты Жазық станциясында орналасқан элеваторда жаңа егіннің астығын сақтауға арналған орындардың тапшылығы алаңдатады.

-Бұл элеватор бізге ең жақыны. Қазір онда тек 1000 тонна астыққа ғана орын бар, ал одан соң ол жерде орын болмайды. Астық трейдерлері он шақты вагон астықты беруге дайын, бірақ олар теміржолмен келісімге келе алмай отыр. Осындай мәселелердің себебінен біздер зардап шегеміз, өйткені біз егінімізді сақтауға жібере алмай отырмыз,-дейді «Рассвет» ШҚ иесі Олег Ровенский.

Айта кету керек биыл Қарғалы ауданында дәнді дақылдардың орташа өнімділігі гектарына 11 центнерді құрайды. Әзірге егістік алқаптарының 60% — ы ғана жиналған. Диқандарға соңғы кездегі үздіксіз жауын-шашынның әсері кедергі келтіруде.

Біздің ауданның үлесіне облыста өсірілген картоптың шамамен 30% — ы тиесілі. Осы орайда «Ақтеп» ЖШС — бұл дақылдарды өсіру бойынша өңірдегі ірі шаруашылықтардың бірі. «Ақтеп» ЖШС-нің 440 гектар жері суармалы, оның ішінде мемлекеттік қолдау шаралары негізінде жүзеге асыруда. Қазіргі уақытта сыйымдылығы 5000 тонна жеке қойманы картоппен толтыру жұмыстары белсенді түрде жалғасуда.  Сондай-ақ, облыс басшысы Асхат Шахаров алдағы уақытта біздің өңір өзінің «екінші нанын»өндіру  жағынан көлемінің арттыратындығын айта кетті.

Оған қоса облыс әкімі балық шаруашылығымен айналысатын «Асыл бахтах» ШҚ жұмысымен танысты. «Ауыл аманаты» жобасы аясында шаруашылық форель шабақтары мен түйіршіктелген жемшөп сатып алу үшін 27,6 млн теңге сомасына жеңілдетілген несие алған.  Осының арқасында облыста форель өсірудің алғашқы фермасы пайда болды. Бүгінгі таңда жалпы салмағы 1,6 тонна болатын 8 мың дана форель өсірілді. Бұдан әрі шаруашылық жанынан ішкі туризмді дамыту мақсатында демалыс аймағын құру жоспарлануда.

Кездесу барысында облыс әкімі Қарғалы су қоймасының тыныс-тіршілігімен танысып, ондағы балық өсіретін қарғалылық шаруалармен жүздесті. Кәсіпкерлер өздерінің қиын істерінің қыр-сырын, туындайтын қиындықтар туралы баяндап берді. Басқосуда «Асыл Бах Тах» балық шаруашылығының құрылтайшысы Алтай Исмаилов облыс басшысынан иесіз электр желілеріне қатысты мәселені шешіп беруді сұрады.

-Біздегі шамамен қырық шақырымдай жердегі электр желілері энергетиктердің балансына кірмейді. Сондықтан да, ол жерді мезгіл-мезгілімен өзіміз жөндеуге тура келеді. Ал Форельді өсіру үшін суды үнемі оттегімен қанықтыру мен ағынды суды пайдалану өте маңызды. Бірде осы электр желісінің зақымдалғанынан он екі мыңдай шабақ өліп қалды. Осындай қиын сәттерде амалдың жоқтығынан генераторды қоюға тура келеді. Ал мұндай кезде әсіресе қыс мезгілінде өте қиын. Қалай болғанда да біз электр энергиясына ай сайын пайдаланылған жарық үшін қырық мың теңгеден төлейміз,-деген пікірін білдірді.

Осы ретте басқа балық шаруашылықтары ғылыми ұсыныстардың сапасыздығы туралы да сөз етті.

— Айта кететін болсақ, ғалымдардың осы мақсаттағы әрбір екінші ұсыныстары да шындыққа сәйкес келмейді». Өйткені,  бізге жақсы салмақ қоспайтын балық түрлері ұсынылады. Біз бірақ өзіміз қазірдің өзінде жақсы өсетін және өсіретін балық түрлерін таптық, — деп шағымданды ферма басшысы Эдуард Кофлер.

Шаруа қожалықтарын толғандыратын мәселелерді ретімен тыңдаған  аймақ басшысы Асхат Шахаров барлық өтініштер мен ұсыныстардың  назардан тыс қалмайтынын баса айтты.

Айта кету керек «Мемлекет басшысы ауыл шаруашылығын дамытуға ерекше көңіл бөледі. Президенттің тапсырмасына сәйкес, аталған салаға өңірде барлық қажетті көмек пен қолдау көрсетілді және одан әрі көрсетіле береді», — деді Асхат Шахаров.

Гүлжазира МЫРЗАБЕКОВА.