Егінге екпін берген маман

Қай кезде болсын ауыл шаруашылығы  қызметкерлерінің еңбегі елеусіз қалмайды. Тіршіліктің тамыры еңбекте екенін ұққан халқымыз ертеден еңбек адамдарын ерекше бағалайды. Солардың ішінде егінге екпін берген біздің ауданда да үлгі етерлік жер мамандары жетерлік. Солардың бірі ерлермен қатар агрономия саласында еңбек еткен, нәзік жанды ана — Сериккул  Ужтаева жайлы сыр шертпекпіз.

Сонау 1978 жылы Орал  қаласына ауыл шаруашылығы институтына барып, сынақтан өтпесе де, келер 1979 жылы дегеніне жетеді. Табандылығының арқасында болашақ агроном қыз «агрономия» мамандығына түсіп, оны 5 жыл оқып, меңгеріп, еңбек етіп 2019 жылы еңбек демалысына шығады.  Бүгінгі күні үйде 3 немерені еркелетіп, аулада бау-бақшаны жайнатып отырған әже.

Сериккул қарапайым шаруа отбасында 1960 жылы дүниеге келген. Сондай-ақ, отбасында 1940 жылы туған ағасымен екеуі ғана. Еңбек жолын 1958 жылы тігін шеберханасында бастап, инистутқа түскенге дейін 1 жыл еңбек еткен. 1984 жылы агрономдық саланы бітірген жас маман, кезіндегі Степной кеңшарына қатардағы агроном болып жұмысқа орналасады. Оқу мен тәжірибені ұштастырып,  ысылған шақта жолдасының жұмыс барысымен 1991 жылы Жосалы ауылына қоныс аударады. Алайда, жолдасы 1994 жылы кенеттен қайтыс болады да, 4 бірдей шеттей баланы үйге тастап, далада жүру қиын болғандықтан, үй маңындағы түрліше жұмыстарды атқаруға тура келеді. Балалар есейген  шақта сүйікті мамандығы бойынша 2000 жылы «Жосалы-Агро» ЖШС-не дәндерді ұқсату, өсімдіктерді қорғау агрономы болып жұмыс жасап, 2019 жылы осы жұмыс орынынан зейнетке шығады.

Бір ұлы ана жолын жалғап, агрономия мамандығын бітіріп, қызмет етуде. Кейіпкеріміз өз сөзінде біздің кезімізде жерге сұраныс, өнімге талап күшті болды. Жер құнарлығы үшін бар білгенімізді салдық.

Айта берсе қызығы мол, дала жұмысының қыр-сырын терең меңгергені байқалып-ақ тұр. Ел үшін атқарған еңбектің ескерусіз қалмайтыны қашанда белгілі. Сериккул Кужакқызы аудандық, облыстық әкімінің Алғыс хаты мен  Құрмет грамоталарына бірнеше мәрте ие болған. Оған қоса өзі еңбек еткен   ұжымшар, кеңшар басшыларынан алған Алғыс хаттарыныңда саны да жетерлік. Қазіргі кезде ауыл жастарына ақылшы, жас мамандарға көмекші зейнеткер атанып отыр.

Бақыт ИМАШЕВ,

ауданның «Құрметті азаматы».