Төл теңгеге – 30 жыл

Теңгенің тарихы

ҚР Президентінің 1993 жылдың 12 қарашасында қол қойған «Қазақстан Респуб­ликасы­ның ұлттық ва­­лю­­та­сын енгізу туралы» Заңынан бастау алады. Арада үш күн­ өткенде, 15 қарашада ел аумағындағы жаңа сауда-сат­тық жасау құралы ретінде төл теңге қол­да­нысқа енді.

1991 жылы теңге дизайнын әзiрлейтiн мамандар тобы құрылды. Осы топқа кiрген Тимур Сүлейменов, Меңдiбай Әлi, Досбол Қасымов, Ағымсалы Дүзелханов пен Хайролла Ғабжәлел ұлттық валюта дизайнын әзiрлеуге кiрiстi. Ал тиынның дизайнын жасау Айрат Исмамбетов пен Виктор Ивженкоға тапсырылды.

Алғашқы тең­ге­­нi «Harrison&sons» компаниясы Англияда басып шығарды. Қазақтардың төл теңге­ні қағазға ба­сып беру тура­лы тапсырысы­ компа­нияның әлем­дік­ дең­гейде атын шы­ғаруға себеп болды. Теңгенің арқа­сын­да аталмыш компания Ұлыбританияханымының Алтын белгісімен марапатталып, біздің ұлттық валютамыз Британия корольдігінің ең үздік экспорттық өнімі аталды.

Күллі қазақтың мақтанышына айналған тұңғыш теңге­нің тұңғыш келбеті бүгінде музейлерде сақтаулы. Ол­­ар­да­ әл-Фа­ра­би, Сүйін­­бай, Құр­­­манғазы, Шо­­қан, Абай жә­не Әбіл­хайыр мен Абы­лайхан­дар­дың су­реті болған. 90-шы жылдары біздің теңге дизайны жағынан ТМД-дағы ең көрікті ақша болып танылды. Майда ақша­ларымыз да бар. Алғашқысы қағазға басылса, кейінгісі темірден түйілді.

Теңге жайында қызықты деректер

1.Теңгенің ең алғашқы дизайны қалам, калька және тушь арқылы салынды, өйткені әрлеушілердің қолында бұдан басқа ешқандай құрылғы болмаған.

2.Теңгенің бірінші топтамасы Harrison & Sons фабрикасында, Лондонда басылып шығарылды. Оны елге жеткізу үшін тасымалдаушылар 18 әуе сапарын жасаған. Ол Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бақылауымен орындалып, өнеркәсіпке арналған жабдық ретінде тасымалданған.

3.Қазақстанда ақша басып шығаратын өз фабрикамыз 1995 жылы ашылды. Соның арқасында Қазақстан ерекше атаулы күндерде мерекелік банкноттар шығаруға мүмкіндік алды.Ұлттық валютаның атауына «сом», «ақша», «алтын» секілді атаулар бақталас болған. Яғни, теңге атауымен бірге осы нұсқалар да таңдауға түскен.

4.Теңге — жалған ақша жасаушыларға қарсы тұра алатын, әлемдегі ең қауіпсіз валюта. Америкалықтар теңгенің технологиясына сүйеніп, доллар қауіпсіздігін күшейткен. Доллардың тарихы XVIII ғасырдан бастау алады.

5.Қазақстанның ұлттық валютасы – теңге әлемдегі ең үздік валюта деп танылған. Теңгенің түрлі купюрасы үздік дизайн мен жоғары сапасы үшін түрлі марапатқа ие болды. Мысалы, ел Тәуел-сіздігінің 20 жылдығына орай шығарылған 10 000 теңгелік купюра 2011 жылдың ең үздік жаңа банкнотасы атанды. 5 000 теңгелік купюра 2012 жылдың ең үздік жаңа банкнотасы деп танылды. Ал түркі жазуына арналған 1 000 теңгелік купюра 2013 жылы үздік дизайны үшін марапатқа ие болды. Сонымен қатар номиналы 20 000 теңге болатын банкнота 2015 жылдың үздік өңірлік банкнотасы деп танылды.

6.Елу теңгелік қағаз ақшада Қазақстанның Тұңғыш президентінің портреті тұруы тиіс болған, алайда Нұрсұлан Назарбаев мұндай мәртебеден бас тартқан.

7.Ескі ақшаны қазақстандық теңгеге айырбастау 1993 жылы 15 қарашада сағат 8.00-де басталып, 5 күннің ішінде – 20 қарашада сағат 20.00-де аяқталды.

8.Теңге бірінші айналымға кірген күні 1 доллар 4,75 теңге болып бекітілді

Теңге – Қазақстанның егемендігін айғақтайтын маңызды атрибуттың бірі. Қазір ол тәуелсіз әрі мықты қаржылық жүйенің символына айналып отыр.  

Интернет материалдары бойынша дайындалды.