ҰЛТТАР ҚАЗЫНАСЫ — ЭТНОСТАР МҰРАСЫ

Қарғалы аудандық тарихи-өлкетану музейінде «Ұлттар қазынасы — этностар мұрасы» тақырыбында ерекше көрме ұйымдастырылды.

Көрмеге этномәдени бірлестіктер мен түрлі этностар өкілдері жинаған өнер және этнографияның бірегей жеке коллекциялары қойылды.

Аудандық музейдің кіші ғылыми қызметкері Қымбат Сабыржанқызы көрмеге келген қонақтарды жылы қарсы алып, ұлттық киімдер, әшекейлер, тұрмыстық бұйымдар мен басқа да этнографиялық экспонаттарды таныстырып, әрбір заттың мән-маңызы мен тарихын баяндап берді.

Іс-шара соңында Светлана Короткова ұжым атынан музейдің қор сақтау бөліміне қолмен тігілген, дәстүрлі өрнектермен безендірілген орамалды тарту етті. Бұл сыйлық көрменің мәдени және рухани құндылығын арттыра түсті.

Қарғалы-АҚПАРАТ