Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ

Сыбайлас жемқорлық – бұл үнемі мұқият зерделеуді, жүйелі көзқарасты, кешенді және жедел қарсылықты қажет ететін қазіргі қоғамның жағымсыз құбылысы. Еліміздегі сыбайлас жемқорлықтың деңгейі мен ауқымы экономикалық дамуды тежейді, инвестициялық ахуалға теріс әсер етеді және еліміздің имиджін төмендетеді. Сыбайлас жемқорлықты жою үшін бүкіл қоғам күресуге тиіс. Сонда ғана біздің еліміз сыбайлас жемқорлық жоқ әлемдегі мемлекеттердің біріне айналады.
Осы мақсаттағы жұмыстарды Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Қарғалы аудандық аумақтық инспекциясы мекемесіде жүйелі түрде жүргізіп келеді. Мекеме қызметкерлері арасында мемлекеттік әкімшілік қызметкерлерге қойылатын заң талаптарын сақтау, өз лауазымдық өкілеттігін асыра пайдаланбау, жұмыс орнында және жұмыстан тыс уақытта сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың, сыбайлас жемқорлық қылмыстардың алдын алу туралы үнемі әңгімелесулер жүргізіледі.
Жеке және заңды тұлғаларды толғандырып жүрген сауалдарға жауап беру мақсатында, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Ақтөбе облыстық аумақтық инспекция басшысымен бекітілген қабылдау кестесіне сәйкес, мекеме басшысы әр жұма сайын сағат 9.30-12.30 аралығында азаматтарды жеке қабылдау өткізеді.
Сыбайлас жемқорлық тек құқық бұзушылық емес. Бұл мемлекеттің тиімділігіне деген сенімді төмендетеді және ұлттық қауіпсіздікке тікелей қатер төндіреді. Сондықтан мемлекет пен қоғам сыбайлас жемқорлыққа қарсы бірігіп, әрекет етуі керек.
«ҚР АШМ ВБжҚК Қарғалы аудандық аумақтық инспекциясы» ММ




