ДАРИНАНЫҢ ЖЕҢІСІ

Ағымдағы жылдың 1-2 тамыз күндері Абай облысында Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген жаттықтырушысы Серікхан Нусыпханұлы Шариповты еске алуға арналған дзюдо күресінен турнир өтті.

Дзюдо күресінен 2007-2009 жылдары туылған  жасөспірім ұлдар мен қыздар арасында және 2004-2006 жылдары туылған жастар арасындағы республикалық турнирінде біздің жерлесіміз ерекше өнер көрсетіп, нәтижесінде  жеңімпаз атанды.

Ауданымыздағы «Бадамша балалар жасөспірімдер спорт мектебінің» оқушысы Дарина Тастаева  52 кг салмақ дәрежесінде І орынды иеленді.

 

Жұлдыз КЕНЖЕ