Елбасы тестілерінің жеңімпаздары

Ағымдағы жылдың 28-30 шілде аралығында Алматы қаласында Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің – Елбасының Тестілері өтті.
Чемпионатқа еліміздің түкпір-түкпірінен көптеген спортшылар қатысып, өзара бақ сынасты.Президенттік көпсайыс – дене шынықтыру мен спортты насихаттау, сондай-ақ азаматтардың спорттық даярлығын арттыру мақсатында ұйымдастырылған маңызды іс-шара.
Жарысқа облыста чемпион атанған Жосалы орта мектеп-балабақшасының оқушылары қатысып, нәтижесінде олар үздіктер қатарынан көрінді.
Нақтырақ айтар болсақ, Александра Гайдай ұзындыққа секіруден – ІІІ орынға ие болды.Ал Ксения Шмальц 60 м – І орын, денені көтеруден – І орын, ұзындыққа секіруден І орынға, 1000 м – ІІ орынға, жалпы есепте жүлделі І орынды иеленді. Сондай-ақ, Анастасия Томчук ұзындыққа секіруден –І орын, 30 м- ІІ орын, 500 м –ІІ орын, жалпы есепте ІІ орынға ие болды. Осылайша, жалпы командалық есеп бойынша Ақтөбе облысы жүлделі ІІ орынды иеленді. Спортшыларды дайындаған жаттықтырушысы Айдар Жамалов.
Жұлдыз КЕНЖЕ