«Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсына құжат қабылдау жалғасуда
«Мерейлі отбасы» конкурсы адамгершілік құндылықтарды жаңғыртуға; неке, жанұяның жақсы жақтарын дәріптеуге, отбасы мәртебесін артыруға бағытталған.
Конкурс екі кезеңнен тұрады:
Бірінші-аудандық (қалалық) кезең
Екінші-облыстық (республикалық маңызы бар қала,астана) кезең.
Өтінімдерді (қажетті құжаттармен қоса), арнайы нысан бойынша,
Аудандық (қалалық) комиссияларға 2024 жылғы 15 мамырдан -15 маусымға дейін тапсыру қажет.
«Мерейлі отбасы» конкурсына қатысу туралы ақпаратты Ақтөбе қалалық және аудандық ішкі саясат бөлімдерінен, сонымен қатар облыстық ішкі саясат басқармасынан алуға болады .
Қосымша сұрақтар бойынша 8(7132) 56-69-85
https://adilet.zan.kz/kaz/docs/P1400000181