Тұрақты комиссияның бірлескен отырысы
Өткен жұма күні аудан әкімдігінің мәжіліс залында аудандық мәслихаттың экономика, қаржы, бюджет, аграрлық мәселелер, экология және салалық даму жөніндегі тұрақты комиссиясының отырысы өтті.
Отырысқа аудан әкімінің орынбасары Бекзат Бадаков, аудандық мәслихат төрағасы Сапарбек Аманжолов, ауылдық округ әкімдері, қоғамдық ұйым өкілдері мен мекеме басшылары және де комиссия мүшелері қатысты.
Тұрақты комиссияның бірлескен отырысын аудандық мәслихаттың экономика, қаржы және бюджет жөніндегі тұрақты комиссия төрағасы Асан Балғазин ашып, күн тәртібіндегі мәселелермен таныстырды.
Күн тәртібінде аудан әкімдігі мен ауылдық округ әкімдерінің 2023 жылғы аудандық бюджеттің атқарылуы жайындағы есептері талқыланды.
Ең алдымен аудандық қаржы бөлімінің басшысы Асланбек Ұлықпановтың «Қарғалы ауданы әкімдігінің 2023 жылға арналған аудандық бюджетінің орындалуы» тақырыбында баяндама жасады. Одан соң барлық ауылдық округ әкімдерінің хабарламалары тыңдалды.
Отырыс соңында аудандық мәслихаттың экономика, қаржы және бюджет жөніндегі тұрақты комиссия төрағасы Асан Балғазин «Аудандық бюджеттің атқарылуы туралы есептің қорытындысы» тақырыбында баяндама жасады.
Күн тәртібіндегі мәселелерге байланысты хабарламашыларға аудандық мәслихат депутаттары және қоғамдық ұйым өкілдері сұрақтарын қойып, ұсыныс-пікірлерін ортаға салды. Сондай-ақ, аудандық мәслихат депутаттары барлық мәселелерді талқылап, өз ескертулерін, ұсыныстарын енгізіп, талқылау қорытындысы бойынша аудан әкімдігі мен ауылдық округ әкімдерінің есептерін одан әрі қарау және шешім қабылдау үшін аудандық мәслихат сессиясына жолдады.
Қарғалы-АҚПАРАТ