АУҒАН СОҒЫСЫНЫҢ АРДАГЕРЛЕРІ ҰЛЫҚТАЛДЫ
Бүгін аудандық мәдениет үйінде Ауған соғысының аяқталғанына 34 жыл толуына орай «Ерлікке тағзым- елдік міндет» атты салтанатты жиын өтті.
Құрметке аудандағы ауған соғысының ардагерлері, ауыл ақсақалдары, аудан жастарымен, аудан әкімі Асқар Жүсібалиев қатысып, аудан халқы, өз атынан ардагерлерге құрмет білдіріп, ризашылығын жеткізді. Аудан әкімі ардагерлерге тағзым ете, Кеңес дәуірінің тарихында ең қаралы беттердің бірі Ауған соғысы жүздеген жас жат елде жан тапсырып, мыңдаған қандастарымыз оқ пен оттың ортасынан тән жарасымен оралса, қаншама отбасы жан жарасын арқалап қалды.
Солардың арасында біздің ауданнан 41 өрімдей жас өзге ел өңірінде шайқасса, бір жерлесіміз Жоныс Үкібаев жау оғынан қаза тапты, ал аман оралғандардан бүгінгі таңда ауданда 18-і түрлі еңбек саласында еңбек етуде. Жылдағы үрдіс бойынша арамызда жүрген ардагерлерді құрметтеп,арада жоқ жерлестерімізді еске алу шараларын өткізіп келеміз. Сұрапыл соғысты бастан кешіп, бүгінде арамызда ауданның өркендеуіне үлес қосып жүрген ардагерлерімізге алғыстан басқа айтарымыз жоқ — дей, келе бір топ ардагерлерге Алғыс хатын табыстап, гүл шоқтарын ұсынды. Аудандық мәдениет үйінің өнерпаздары патриоттық әндерімен, билерін билей ардагерлерді тамаша әуенге бөледі. Иә, өмір тоқтамайды, ерлік өшпейді,замандарға жалғаса береді. Ал, ерлікті ұлықтау, насихаттау, құрмет көрсету бүгінгінің парызы.