Тұрғындарға медициналық көмек көрсетті

Денсаулық адам үшін ең бірінші байлық. Сондықтан да, денсаулыққа  бей-жай қарамауымыз керек. Қазіргі кезде халыққа сапалы әрі қолжетімді медицина­лық көмек көрсетіліп, денсаулық сақтау саласы біршама жүйеленгенін білеміз. Тіпті шалғай ауыл тұрғындары үшін де жылжымалы медициналық көмектің маңыздылығы артты.  Республикалық, облыстық, ауылдық дәрігерлер жылжымалы медициналық комплекспен ауылдарды аралап, тұрғындарды медициналық тексерістен өткізу шарасы жылдан жылға игі іске айналып барады.  

Осы орайда ағымдағы жылдың сәуір айының 15-18 аралығында Петропавл елді мекенінде жылжымалы флюкар автокөлігі арқылы ауданның шалғай елді мекендерін аралап, тұрғындарды флюрографиялық тексерістен өткізді.

Бұл жылжымалы HYUNDAI автокөлігінде: компьютер, рентген-лаборант, рентгенолог мамандарының жұмыс орнымен жабдықталған. Сонымен қатар, медициналық кешенде арнайы қорғасынмен қапталған бөлме орнатылған, онда рентген және флюрографияны қауіпсіз жасауға болады. Кондиционер, жылыту жүйесі мен сумен жабдықталған және де ауа-райының қолайсыздығына қарамастан қызмет етеді.

                             

Жылжымалы медициналық көмек қазіргі таңда шалғай ауылдарды аралаудағ сол себепті де аудан тұрғындары мұндай мүмкіндікті жіберіп алмай, өз денсаулықтарына жауапкершілікпен қарап, туберкулез ауруының алдын алуға асығу қажет.

Тілек БЕГАЙДАРОВ 

ТегтерДенсаулық