Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің ӘСКЕРИ КОЛЛЕДЖІ
ӘСКЕРИ КОЛЛЕДЖГЕ ҚАБЫЛДАУ ШАРТТАРЫ:
1) оқуға түсетін жылы он бес жасқа толған, бірақ он жеті жастан аспаған азаматтар;
2) оқуға түсуші қабылдау жылының 1-5 тамызын қоса алғандағы Сағадат Нұрмағамбетов атындағы әскери колледжге ата-аналарымен (заңды өкілдерімен) келеді және қабылдау туралы өтініш береді;
3) азаматтарды Әскери колледжге қабылдау 1-20 тамыз аралығында мынадай кезеңдер бойынша жүзеге асырылады:
I кезең — кәсіби-психологиялық іріктеу;
II кезең — әскери-дәрігерлік сараптама жүргізу қағидаларына сәйкес түпкілікті медициналық куәландыру;
III кезең — дене дайындығын тексеру;
IV кезең — конкурстық іріктеу және оқуға қабылдау.
Оқуға түсушілер әскери колледждің қабылдау комиссиясына мынадай құжаттарды ұсынады:
- Белгіленген үлгідегі өтініш;
- Туу туралы куәлік (салыстыру үшін түпнұсқа);
- Негізгі орта білім туралы куәлік (түпнұсқа және көшірме);
- Азаматты медициналық куәландыру картасы (075-У нысаны)
Медициналық құжаттар мен медициналық зерттеулердің нәтижелері:
1) медициналық ұйымнан есепте тұрғаны туралы мәліметтер;
— туберкулезге қарсы диспансерден анықтама
(тұрғылықты жері бойынша);
— психоневрологиялық диспансерден анықтама
(тұрғылықты жері бойынша);
— тері-венерологиялық диспансерден анықтама
(тұрғылықты жері бойынша);
— наркологиялық диспансерден анықтама (тұрғылықты жерінен);
— наркотесттің нәтижесі;
2) созылмалы аурулар және соңғы он екі ай ішінде ауырған инфекциялық және паразиттік аурулар бойынша диспансерлік есепте тұрғаны туралы мәліметтер;
3) есепке алу және есептік құжаттама нысанына сәйкес құжаттар: амбулаториялық пациенттің медициналық картасы, профилактикалық егулер картасы;
4) азаматтардың денсаулық жағдайын сипаттайтын басқа да медициналық құжаттар, рентгенограммалар (Мұрынның қосалқы қуыстарының рентгенографиясы, егер майтабан болса, табанның рентгенографиясы), зерттеудің арнайы әдістерінің хаттамалары;
5) медициналық куәландыру басталғанға дейін күнтізбелік отыз күннен ерте емес жүргізілген медициналық зерттеулердің нәтижелері:
— жалпы қан талдауы;
— мерезге микропреципитация реакциясы (микрореакция);
— жалпы несіп талдауы;
— ЭКГ тыныштықта (жүктемеден кейінгі);
— кеуде қуысының мүшелерін 2 проекцияда флюорографиялық (рентгенологиялық) зерттеу (медициналық куәландыру күнінен үш айдан ерте емес);
— эхокардиография.
- Соттылығының болмауы туралы анықтама не Ішкі істер органдарында (ювеналдық полицияда) есепте тұрмағаны туралы кәмелетке толмағандар істері жөніндегі бөлімшеден қосымша анықтама.
- Спорттық разрядты, республикалық немесе халықаралық жарыстарда, ағымдағы жылғы орындаушылар байқауында, жалпы білім беретін пәндер бойынша халықаралық олимпиадада, сондай-ақ Президенттік не ағымдағы жылы республикалық жалпы білім беретін пәндер бойынша олимпиадада алған жүлделі орынды растайтын құжат (болған кезде).
- Көлемі 3х4 см фотосурет — 4 дана.
- Ата-ана құқығын шектеуге немесе одан айыруға, ата-анасы хабар-ошарсыз кеткен деп танылуға, қайтыс болған деп жариялауға, әрекетке қабілетсіз (әрекетке қабілеті шектеулі) деп танылуға байланысты жетім балалар мен жалғыз басты ата-анасының немесе екеуінің де қамқорлығынсыз қалған балалар; сондай-ақ ата-анасының қамқорлығынсыз қалған басқа да жағдайда ата-анасының қамқорлығынсыз қалу фактісін растайтын мынадай құжаттардың біреуінің көшірмесін (салыстырып тексеру үшін түпнұсқаны) қосымша ұсынады:
— ата-анасының қайтыс болуы туралы куәлік;
— ата-анасының ата-ана құқығын шектеу немесе одан айыру туралы сот шешімі;
— ата-анасы хабар-ошарсыз кеткен деп тану, оларды қайтыс болды деп тану немесе әрекетке қабілетсіз (әрекетке қабілеті шектеулі) деп тану туралы сот шешімі.
- Әскери қызмет міндеттерін орындау кезінде қаза тапқан немесе мүгедек болған, қызмет өткеру уақытында хабарсыз кеткен әскери қызметшілердің балалары тұрғылықты жері бойынша жергілікті әскери басқару органынан анықтама ұсынады.
Біздің мекен-жайымыз:
Қазақстан Республикасы, 010000,
Астана қ., Қорғалжын тас жолы 16/1
тел: +7 7172 27 38 53, +7 708 970 38 53, +7 701 674 0996
инстаграм: militarycollege
сайт: voencollege.mil.kz