Меморандумға қол қойды
11 қаңтар күні Жастар ресурстық орталығының басшысы Мейржан Жұбан мен Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты аудандық Пробация қызметінің инспекторы әділет капитаны Рустам Каркуловпен 2024 жылға арналған екі жақты меморандумға қол қойды.
Меморандумның мақсаты — Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2023 жылғы 14 маусымдағы №482 бұйрығымен бекітілген «Өздеріне қатысты пробация қолданылатын адамдарға әлеуметтік-құқықтық көмек көрсету қағиданы» жүзеге асыру болып табылады. Сондай-ақ, ҚР Президентінің Жарлығын іске асыру бағытындағы жұмысты жалғастыру, пробация қызметінің есебінде тұрған азаматтарды қайта әлеуметтендіру процесіне волонтерлерді тарту.
Осылайша, жастар ресурстық орталығы мен пробация қызметі өзара меморандумға қол қойып, алдағы уақытта екі мекеме арасында атқарылар жұмыс жоспары бекітілді.
-Алдағы уақытта меморандум аясында пробация есебінде тұрған азаматтарды волонтерлік сипаттағы түрлі шараларға тартып, психологиялық көмек көрсетіп, жұмыссыз жастарды жұмысқа орналастыру бойынша бірлесіп жұмыс атқаратын боламыз,-деді аудандық Пробация қызметінің инспекторы әділет капитаны Рустам Каркулов.
Гүлжазира МЫРЗАБЕКОВА