Тұңғышбай Жаманқұлов: Мемлекет пен халық үшін жаңа Конституцияның мәні зор

Қазақстанның халық әртісі Тұңғышбай Жаманқұлов жаңа Конституция жобасын қолдайтынын мәлімдеп, 15 наурыз күні өтетін референдумда дауыс беретінін айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
«Бұл Ата заңның әрбір бабы бойынша халық өзінің ойын ашық білдіріп жатыр. Көп мәселемен қосыламын. Комиссия құрамында отырған адамдар түскен ұсыныстарды қабылдап жатыр. Меніңше, бұл біздің еліміздегі ерекше оқиға. Осы уақытқа дейін Конституцияға талай рет өзгеріс енгізілді. Бұл жолы Ата заң өз атауына сай әділ болады деп сенемін. Халық үшін де, мемлекет үшін де бұл заңның үлкен мәні бар», деді өнер қайраткері.
Тұңғышбай Жаманқұлов 15 наурыз күні референдумға барып, өз таңдауын жасайтынын мәлімдеп, халықты да белсенділік танытуға шақырды.
Айта кетейік, 2026 жылғы 15 наурызда республикалық референдум өтеді. Тиісті Жарлыққа Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқол қойды.




